Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

«Сені өлтіруі мүмкін» Нүкенованың ағасы қарындасының таяқ жеген фотосын көрсетті

Айтбек Амангелді бүгін сотта қарындасының Бишімбаевпен ұрсысып қалған күндерінің бірі туралы айтты.

undefined 

Айтбектің айтуынша, бір күні оған Салтанат көзі көгерген фотосуретін жіберген. Содан ағасы бұны полицияға хабарлайды. Тіпті ол күйеу баласымен кездесуге барады.

Бұл туралы Айтбек Амангелді былай деді:

«Екеуміз төбелесе кеттік. Әлдебір шыны есікті сындырдық. Сосын сабамызға түстік. Мен «мына фотосуреттерді мамаңа жіберемін, ол кісі біле ме екен?» дедім. Анасына телефон соғып,  зэк баласы Салтанатты ұрғанын, оны алып кеткім келетінін айттым. Оны еш жерден таба алмай жатырмын дедім. Фотодағы көгерген жерлері қоңырлау болып тұрды. Мен Салтанатты таптым. «Кетеміз, жинал» дедім. Салтанат бәрін өзі реттейтінін айтты. Мен «Ол сені өлтіруі де мүмкін ғой. Соны түсінесің бе?» дедім».

https://t.me/satzhangram

0
0
172

Осы тақырып бойынша