Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Үш елдің компаниялары полиэтилен зауытын салу жобасын пысықтады

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, ресейлік «СИБУР» және қытайлық Sinopec Атырау облысында полиэтилен зауытын салу жобасын талқылады.

undefinedФОТО : Shutterstock/FOTODOM 

Зауыт жылына 1,25 млн тонна полиэтилен шығаруы керек.

«Күш біріктіру арқылы Қазақстандағы ең ірі газ-химия жобасын жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін», - деді ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

Кәсіпорын Қарабатандағы Арнайы экономикалық аймақтың аумағында, Теңіз кен орнының жанында салынады. Құрылысын осы жылдың екінші жартысында бастау жоспарланған. Жоба құны – 7,7 млрд доллар.

Үш елдің «Силлено» (полиэтилен өндірісі жөніндегі жобаның операторы) компаниясындағы үлестері мынадай болмақ: «ҚазМұнайГаз» – 40%, Sinopec – 30%, «СИБУР» – 30%.

0
0
256

Осы тақырып бойынша