Шымкентте маргиналды жастар ұсталды
Шымкентте маргиналды жастардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды.

Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кешенді іс-шаралардың нәтижесінде аймақтағы жедел жағдайға теріс әсер ететін он адамнан тұратын топты ұстады.
Олар қару пайдаланып, бұзақылық және бопсалаумен айналысқан. Құрықталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейін. Тұрғылықты жерлерін тексеру барысында атыс қарулары, оқ-дәрілер мен басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Қылмыстық құқық бұзушылық жайттары бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
https://t.me/POLICE_of_KZ
