Су басқан елді мекендерден 2 мыңнан аса адам эвакуацияланды
Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарындағы су жайылған елді мекендерден 2 064 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Олардың 613-і бала. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, осы күнге дейін 1700 млн текше метр еріген су айдалды.
Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Күштік құрылымдардан жалпы саны 6 мыңнан астам адам мен 1 600-ге жуық техника және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 6 әуе кемесі жұмылдырылды.
@qazaqstantv
