Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың оқушылары емтихандардан босатылады

Сондай-ақ биыл мектеп оқушылары алғаш рет қазақ тілінен аралық емтихан тапсырады.

undefined

Фото: egemen.kz

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының аяқталуына байланысты мынадай мәліметтерді жария етті:

- оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр, оның ішінде бастауыш сыныптарда 374 мың бала, негізгі мектептерде 341 мың оқушы және 186 мың түлек;-
- 7 704 оқушы «Алтын белгі» белгісіне үміткер;
- биыл 5-8, 10 сыныптарда алғаш рет қазақ тіліне қатысты аралық емтихандар өткізіледі;
- су тасқынына байланысты Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 3 581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады. Қорытынды баға жылдық белгілер негізінде қойылады;
- ТЖ аясында қашықтан оқытылған 2 622 мектептің 832 мың оқушысы үшін 27-31 мамыр аралығында жазғы мектептің жұмысы ұйымдастырылады;
- оқу жылын «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарлануда;
- 25 мамырда мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты іс-шара өткізілмек;
- 9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамырдан 11 маусымға дейін өткізіледі;
- аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі 12-15 маусымға белгіленді.

0
0
418

Осы тақырып бойынша