Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Құтқарушылар тұраққа бей-берекет қойылған көліктердің кесірінен өрт болған үйге жете алмай қиналды

От Астанадағы "Будапешт" көпқабатты тұрғын үй кешенінде төтанған. Ал оған төтеншеліктердің тез өтуіне тұрақтағы көліктер кедергі келтіріпті.

Бұл жағдайды тұрғындар видеоға түсіріп алған. Онда видео авторы кадр сыртында «Көліктеріңді алсаңдаршы. Терезеден көрмей тұрсыңдар ма?» деп шыр-пыр болады.

Ал Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 9 қаңтарда сағат 09:58-де астаналық құтқарушылардың Қабанбай батыр даңғылы, 59-үй пәтеріндегі өртті сөндіре бастағанын жеткізді.

"Өрт сөндірушілер келген кезде "Будапешт" тұрғын үй кешенінің 10-қабатындағы пәтерде ас үйде жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру кезінде астаналық өрт сөндірушілер көрші пәтерден 7 адамды құтқарды. Оның үшеуі – балалар. Өрт 10:32-де оқшауланып, 10:35-те жойылды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Төтеншеліктер тұрғындарға көліктерін аулаға қойғанда арнайы техника өтетіндей бос орын қалдыруы керектігін ескертіп отыр.

0
0
195

Осы тақырып бойынша

Құтқарушылар тұраққа бей-берекет қойылған көліктердің кесірінен өрт болған үйге жете алмай қиналды - Yvision.kz