Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Түркияға, Арабияға көшіп жүрген ақымақтар бар – Рәтбек қажы Нысанбайұлы

Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі болған, сол кезде елімізге діннің кең таралуы жолында еңбек еткен Ратбек қажы Нысанбайұлы бүгінде Есік қалалық мешітінің бас имамы болып отыр. Ара-тұра журналистерге сұхбат беріп тұрады.

Ол бұл жолы “Адырна” ұлттық порталының YouTube-арнасына сұхбат беріпті.

«Сұхбат барысында елдің дін саласындағы іс-әрекеттерін баяндайды. Бұхарадағы Мир-Араб медресесін бітіріп, Ливияда шариғат саласында докторлық атақ алған ол осы саладағы қалыптасу кезеңдері мен бүгінгі ахуалға да тоқталады.

Совет кезіндегі діни жағдай мен қазіргі мәселеге шолу жасаған ол өзінен кейін Діни басқармаға басшылық еткен адамдардың кейбірін сынайды. Ол шет елден діни оқудан келгендердің сапасына да өз бағасын береді», – деп жазған порталдың өзі.

Рәтбек қажы нақ осы шет елде дін оқуын тауыстым дегендердің көбінің сөзі жалған екенін айтады.

«Еліміз 100 имамды Түркияға, Мысырға, Пәкістанға жіберді. Соның ішінде 100 адамнан бiреуі бітірген жоқ. Шет елге барғандар оқи алмайды. Құр аты ғана. Барып келіп, өтірік айтып жүр ғой. Мысырда оқып келдім, үйттім, бүйттім деп. Дипломы жайлы сұрасаң, түк те жоқ, өтірік, суайт. Түркияға, Арабияға көшіп жүрген ақымақтар бар ғой. Мен оларды «дурактар» деймін», – дейді бұрынғы бас мүфти.

0
0
816

Осы тақырып бойынша

Түркияға, Арабияға көшіп жүрген ақымақтар бар – Рәтбек қажы Нысанбайұлы - Yvision.kz