Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Өткен айда инфляция қатты кетіпті

Өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 33,9%, орталықтан жылытуға – 30,9%, суық суға – 30,8%, қоқыс шығаруға – 30,7%, ыстық суға – 29,4%, электр энергиясына 19,9% өсті.

Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 21,5%, санаторийлер қызметтеріне – 16%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 13,9%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 13,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,1%, ұялы байланыс қызметтеріне 12,4% жоғарылады. Таксимен жол жүру – 11,7%, қалалық автобуспен – 9,3%, жолаушылар теміржол көлігімен – 8,7%, қалааралық автобуспен 8,2% қымбаттады. Жолаушылар әуе көлігімен жол жүру 4% арзандады.

Баға деңгейі фармацевтикалық өнімдерге – 11,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, киім және аяқ киімге – 11%-дан, жеке қолданылатын тауарларға – 10,9%, ыдысқа – 9,2%, құрылыс материалдарына 6,9% өсті. Дизель отыны – 14,5%, бензин – 13,6%, сұйытылған газ баллондағы 12,9% қымбаттады.

Бағаның өсуі күрішке – 26%, жұмыртқаға – 18,3%, жаңа жиналған жемістерге – 17,2%, минералды және ауыз суға – 16,9%, салқындатылған сусындарға – 16,6%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерге – 14,4%, жеміс және көкөніс шырындарға – 12,5%, сары майға – 12,2%, пастерленген сүтке – 11,3%, консервіленген сүтке – 11,2%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдерге – 11%, майлылығы 2,5% айранға – 10,9%, макарон өнімдері және қамырдан жасалған өнімдерге – 10,4%, балық және теңіз өнімдерге 10,1% тіркелді. Бағаның төмендеуі басты пиязға – 42,5%, қарақұмық жармасына – 24,3%, күнбағыс майына – 21,2%, құмшекерге – 14,8%, картопқа 12% байқалды.

Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы ақпанда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (11,5%), Шығыс Қазақстан (10,2%) және Маңғыстау (10%) облыстарында.

stat.gov.kz

0
0
250

Осы тақырып бойынша

Өткен айда инфляция қатты кетіпті - Yvision.kz