ТЖМ басшысы өз саласындағы мамандардың әлеуметтік жағдайы туралы мәселе көтерді
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің айтуынша, құтқарушылардың 90 пайызы баспанаға мұқтаж екен. 
Фото: gov.kz
Үкімет үйінде өткен брифингте Әрінов осы мәселені шешу жолдары қарастырылып жатқанын жеткізді.
«Ең басты мәселе — тұрғын үй төлемдерін алу. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап сол мәселені шешеміз деп ойлаймыз», — деді министр.
