Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Қытай Қазақстанға қызықпай ма?

Қытай тарапы Қазақстанмен мәдени ықпалдастықты кеңейту үшін біздің желөкепе жыртақайларды тарта бастағанға ұқсайды.Кеше телеарналардың бірінен көрдім, екі жыртақай тап өздеріндей жыртақайға сұхбат беріп отыр. Сондағы айтқан сөздері мынадай:

- Қытай қазақтың табиғатына қызықпайды.

- Өздерінің жері керемет!

- Вавше керемет! Неше түрлі жер бар екен қытайда.

- Қытай бізді керек етіп те отырған жоқ.

- Вавше танымайды бізді.

- Хи-хи!- Ха-ха!

Қытайдың қара бұқарасы бізді, рас, білмеуі мүмкін. Мысалы АҚШ-та да Канададан басқа мемлекетті білмейтіндердің қарасы қалың. Ханзулар да сондай шығар. Бірақ қытайдың қилы дүниені ойлайтын бастары қазақ жерін, қазақ даласын, Қазақстанның әл-ауқатын бек жақсы біледі. Оны біздің жыртақайлар қайдан түсінсін? Осыларды, өз тілдерімен айтқанда, вавше Қытайға жібермеу керек!

Көрші отырған соң, жеріңді көтеріп алып кете алмайсың, сондықтан ҚХР-мен қалайда араласуға тура келеді. Алайда жыртақайлардың деңгейінде емес, қазақтың асқақ, парасатты мәдениетінің деңгейінде қарым-қатынас жасаған жөн-ау...


Дәурен Қуаттың жазбасы

0
0
253

Осы тақырып бойынша