Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Қытайда үлкен су бөгеті бұзылды. Бізге қауіп бар ма?

Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері Қытайда су бөгетінің бұзылғаны туралы хабарлады. Көрші ел тарапының мәліметі бойынша, олар трансшекаралық өзендер арқылы секундына 1400 текше метр су жіберген.

Қазір біздің мамандар қытайлық әріптестерімен үздіксіз байланыста отыр.

"Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгінде Боран гидробекеті аумағындағы Қара Ертіс өзенінде су жіберу көлемі секундына 1700 текше метр, судың деңгейі 543 см.

Ағынды судың келуін ескере отырып, Боран ауылы аумағында Қара Ертіс өзеніндегі гидрологиялық бекетте су деңгейі көтеріледі деп күтілуде", - дейді министрліктегілер.

Осыған байланысты «Қазсушар» ШҚО филиалы мамандарының жұмысы күшейтілген кестеге ауыстырылған. Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының контрреттегіші) су жіберу секундына 500 текше метрден 800 текше метрге дейін ұлғайтылды.

Жағдай Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің жеке бақылауында тұр. Ертең ол Шығыс Қазақстан облысына барады. Бүгін онда вице-министр Нұрлан Алдамжаров жүр.

0
0
380

Осы тақырып бойынша

Қытайда үлкен су бөгеті бұзылды. Бізге қауіп бар ма? - Yvision.kz