Қыздарды каратэге беріңдер

Осы жерде үнемі айтып жүрем. Тағы айтайын, қыздарыңды каратэге беріңдер. "Ой, керек емес қызға каратэ. Қыз деген нәзік болу керек. Төбелесі нес?" деген түсінікті өшіріңдер.Каратэмен айналысқан қызға ешкім әкіреңдей алмайды, соқтыға алмайды, тиісе алмайды. Өйткені, ол қыз физикалық тұрғыда мықты болады. Баяу болмайды, денесі шымыр болады. Ал соққы алса, дұрыс қорғанады, өзіне қысым көрсеткен адамның кем дегенде миын шайқап тастайды. Ары кеткенде, бастан теуіп талдырып ұйықтатады.Шын сөзім. Әсірелеусіз. Әрине, ешкім қыздарыңа қысым көрсетпесін! Алла сақтасын! Бірақ, өзін қорғай алатын спорт түрі - каратэ артықтық етпейді.Және спортпен айналысса, денсаулығы мықты, ауырмайтын болады. Мына кілең әйелге қол көтеретін далбаёбтар көбейген заманда, қызыңды каратистка қылып өсіріп, сақтан. Мына видеода Ариана деген қыз. Осыдан біраз жыл бұрын кішкентай еді, тренировкада жүгіріп дайындалып жүретін.Қазір осындай мықты каратистка болған. Өзіне деген сенімін қарасаңызшы. Спарингте ұлдарды шайқап жүр. Біздің тренер тик-токқа салған екен мына видеоны. Содан алдым. Ариананың іс-қимылы да, төбелесі де, өзі де керемет әдемі ғой. Келісесіздер ме?Қыздарың осындай мықты болсын!
Марал Киокушинкайдың жазбасы.
