Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Зейнетақысы 140 мың теңгеден аспайтын азаматтарға метериалдық көмек беріле ме?

Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елімізде зейнетақысы 140 мың теңгеден аспайтын зейнеткерлерге мемлекеттен 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріледі деген ақпарат тарады.

Осыған байланысты хабарлама жариялаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Мессенджерлерде зейнеткерлерге материалдық көмек төленетіні туралы жалған ақпарат таралуда. Тағайындалған қаражатты алу үшін белгісіз адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, №2 нысанды толтыруды ұсынады.

Аталған материалдық көмек түрі жоқ екенін және мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны хабарлаймыз.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз", - делінген ведомство хабарламасында.

0
0
119

Осы тақырып бойынша