Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Жамбыл облысында «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының мәселесі шешілді

Жағдайды прокурорлар реттеген.

undefined

Маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мақсатында Жамбыл облысының прокуратурасы өңірдің инвесторларымен тұрақты түрде кездесулер өткізуде.

Осы жұмыс шеңберінде «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» АҚ (бұдан әрі – АЭА) аумағында жобаларды жүзеге асыратын инвесторлардың жер телімдерін тіркеу  проблемасына тап болғаны анықталды.

АЭА әкімшілігі 2017-2018 жылдары жобалардан бас тартқан 6 инвестор жерлерінің мемлекеттік актілерінің ұзақ уақыт бойы күшін жоя алмаған.

АЭА-ның жалпы көлемі 81,77 га аумағында іске асырылмаған жобалар болған. Бұл жағдай жаңа инвесторларға жер телімдерін беруге және рәсімдеуге мүмкіндік бермей келді.

Шу аудандық прокуратурасының хатының негізінде жер кадастрын жүргізу жөніндегі уәкілетті орган осы учаскелердің мемлекеттік актілерінің күшін жойды.

Бұл шаралар АЭА-ға өзінің аумағына толық иелік етуге және инвестиция сомасы 45 млрд теңге болатын натрий цианидін өндіретін зауыт салуды жоспарлап отырған «Altynalmas Reagents» ЖШС алдындағы шарттық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік берді.

Инвестициялық жобаларды іске асыру прокуратура органдарының бақылауында.


Жамбыл облысының прокуратурасы

0
0
306

Осы тақырып бойынша

Жамбыл облысында «Jibek Joly» арнайы экономикалық... - Yvision.kz