Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Инстаграмдағы қазақ әншілері

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық әншілердің инстаграмына шолу жасайық. Дильназ Ахмадиева @dilnaz80 Танымал әнші Дильназ Ахмадиеваның инстаграмында 19 876 жазылушылары бар екен. Дильназ жеке өмірін, әртістік гримсыз күнделікті келбетін көрсетуден тартынбайды. Сондай-ақ достары және жақындарымен түскен суреттерін жиі іліп отырады. Аша Матай @asha_matai Алғашында әнші болып бастаған Аша Матайды қазір көбінесе актриса және тележүргізуші рөлінде көреміз. Алайда онымен қоса, оның танымалдылығы да артып келеді. 16 899 жа…

5
4
6089

Күзгі кітаптар тізімі

Күзгі меланхолияның жабырқаулы көңіл-күйден басқа жағымды тұстары да бар. Оның бірі — жылы көрпеге оранып алып, кітаптағы кейіпкерлеріңмен бірге өзгеше ғұмыр кешу, олардың уайымын уайымдау мен қуанышына ортақтасу, қайғысына қосылу мен әзіліне күлуге не жетсін! Асықпай, ерекше ынтамен оқуды талап ететін, артынан терең ой қалдыратын күзгі кітаптар бестігін «Екпінмен» бірге оқыңыздар. Джозеф Максвелл Кутзее, «Петербордағы күз» Ерекше автордың ерекше шығармасы. Кутзее Оңтүстік Африкадағы Кейптаун қаласында дүниеге келген, Жазушы, сыншы, лингвист 2003 жылы әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты атанған. Букер сыйлығын екі мәрте (1983 жылы «Жизнь и время Михаэла К.» романы үшін, 1999 жылы «Бесчестье» романы үшін) иеленген алғашқы жазушы. «Петербордағы күзде» шетелдік автор Федор Достоевский, ХІХ…

10
5
3369

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі 2004 жылдың 26 қазанында университеттің 60 жылдық мерейтойында ресми түрде ашылған. Музей меңгерушісі — «Үздік мәдениет қызметкері» белгісінің иегері Сәуле Мерекеева. Экспозицияда университет тарихы 10-жылдықтарға бөлініп, оның 60 жылдық тарихы баяндалады. Мысалы, 1944 жылдың 15 тамызында қабылданған Халық Комиссарлар Кеңесінің № 457 қаулысы — қазақ қыздарының оқып білім алуына жол ашқан құнды мұрағат бар. Жалпы экспозиция 6 бөлімнен тұрады. Алғашқы экспозиция түркі халықтарының мақтанышына айналған Күлтегін ескерткішіндегі әке-шеше құдіретін дәріптеген жазулармен ашылып, әрі қарай «Аналар ұлағаты — елге аманат» атты тақырыппен жалғасады. Институттың ашылуына ерекше еңбек еткен Ж.Шаяхметов, Н.Оңда…

7
2
4363

Шетелде білім алу: Oklahoma State University

Бүгін шетелдегі жоғары білім жайындағы тұрақты айдарымыздың кейіпкері Нұрбек Еңсебаев. Нұрбек Америкадағы Oklahoma State University жоғары оқу орнын энергетика мамандығы бойынша тәмамдап, өзінің көрген-білгенімен, алған әсерімен бөлісуге дайын. - Оклахома Университетіне оқуға қалай түстің? - Мен ең алдымен Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетіне оқуға түстім, жарты жылдан кейін Болашақ бағдарламасымен төрт жылға Америкаға кеттім. - Қай мамандықты таңдадың? - Менің мамандығым - энергетика. Electrical Engineering факультетінде Power Electrical Engineering мамандығын таңдадым. - Америкадағы оқу жүйесінің қандай ерекшеліктері бар? - АҚШ-та оқытатын энергетиканың ТМД елдерінде оқытатын энергетикадан біраз айырмашылығы бар. Батыста бағдарламалау мен микроэлектроникаға аса зор мән беріле…

2
0
1631

Сырлыбек Бекботаев: «Қазақстан суретшілерінсіз еш биеннале өтпейтіндей деңгейге жетсек деймін»

Айжан Кәрібаева журналист Сырлыбек Бекботаев — заманауи өнер әлемінде тек Қазақстанда емес, көптеген шет елдерге танылған атақты «Қызыл трактор» суретшілер тобының мүшесі. Жақында болған «ArtbatFest»-те заманауи инсталляция, қойылымдарымен жұртты таң қалдырды. 26 жастағы топтың ең жас мүшесі қазіргі заманауи өнер туралы және де «Қызыл трактор» тобының тарихын баяндап берді. Сондай-ақ, авторы туралы суреттерінен артық кім айтып бере алмақ дегендей, Сырлыбек Бекботаевтың «Екпінге» берген өз туындыларын тамашалап көріңіздер. «Қызыл трактор» суретшілер тобы туралы 80-ші жылдары Уфадан Шымкентке бір суретші келіп, Ә.Қастеев атындағы колледжде мұғалім болып қалып қалады. Ол кісі — Симаков Виталий Арсентьевич. Сол кездері Молдағұл Нарымбетовпен, Смайл Баялиевпен достасады. Басында жай үйірме ашы…

6
1
3526

Ғалымдар дәлелдеген 10 «күмәнді» ғылыми ақиқат

Көптеген адамдар ғылымда ештеңені абсолютті нақтылықпен дәлелдеу мүмкін емес деп санайды. Бұл пікір скептик-дилетанттарға ғалымдар арасында мүлтіксіз саналатын пайымдаулардың растығына күмәндануға мүмкіндік береді. Real Clear Science порталы негізгі 10 ақиқатты таңдаса, Theory&Practice жобасы мәтіннің ең басты тезистерін анықтады. Эволюция теориясы шынайы Эволюция теориясы — жер бетіндегі тірі ағзалардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын бірдей түсіндіретін біртұтас маңызды тұжырымдама. ДНҚ реттілігі жайлы соңғы жылдары жинақталған ақпарат бұл теорияның бұлтартпайтын дәлелі болса да, Польша, АҚШ, Грекия және басқа елдердегі бірқатар азаматтар эволюция теориясымен келіспейді екен. Өнімді жануарлардан тестілеу ақталған Америкада өнімді жануарлар арқылы сынау жүргізуді 93% ғалым мен тек…

3
1
2765

Айнұр Исмаилованың «Көке» киносы

Осыдан бір жыл бұрын «Бастау» жас кинематографистер додасында Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті Айнұр Исмаилова «Көке» атты қысқа метражды картинасымен жүлдегер атанды. Осыдан кейін Айнұр бірнеше халықаралық фестивальдерге қатысып, шетелдіктерді қазақ елімен, қазақ мәдениетімен, әдет-ғұрпымен таныстырып, әлемге жас режиссер ретінде танылды. фото: @serikzhan69 Мен Жүргенов академиясындағы Аманжол Айтуаров шеберханасының түлегімін. Менің картинам - әкесі қайтысқан болған кішкентай баланың драмасы, оның алғашқы жан азабы, алғашқы бойсұнуы. Кинематографист ретінде айтпағым, қазіргі кезде біздің жұмыс жасауға бар мүмкіндігіміз бар. Көп ретте қазақ киносында жақсы мелодрама, мәңгілік махаббат хикаялары аз деп жатады, мен осымен келісемін. Келешекте Қазақфильмде толық метражды кино т…

2
1
1622

Ресейдегі қазақ диаспорасы және Тұрар Рысқұлов

Мейрамхан Жәпек журналист, Тұрар Рысқұлов публицистикасын зерттеуші I бөлім Бастау II бөлім Айт күні Ресейдегі мұсылман қауымы Құрбан Айтты елдегіден кем тойламады. Көшеде кездесіп қалғандар бір-бірін танымаса да құттықтап, жанға саулық, басқа амандық тілеп жатыр. Орталық мешітке жиналған халықта есеп жоқ. Ресми мәлімет бойынша Мәскеуде шамамен жетпіс мыңнан астам мұсылман Құрбан Айт намазына қатысыпты. Таңғы сағат сегіз жарымда Ресей муфтилері Кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин мерекелік құттықтау сөзін айтты. Метроның «Бейбітшілік» проспекті станциясынан шыққан соң Орталық мешітке қарасты Щепкин, Дуров, Гиляровский көшелерінде сол күні түске дейін көлікпен жүру мүмкін болмады. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы дерлік Құрбан Айт туралы, мәні мен маңызы туралы айтып, ауыз жаппады. О…

5
2
2362

Сөмкеңізде не бар? Астаналық сырлас құрбылар жауап береді

Айжан Байтанова журналист Әйел үшін сөмкенің маңызы туралы сөз қозғау да артық шығар. Сөмке тек аксессуар ғана емес, образды толықтырып тұратын, ең маңызды заттарымызды сақтайтын «көмекшіміз». Қазнет аруларының сырлас құрбылары — сөмкелері — туралы айдарымыздың бүгінгі екі кейіпкері Эльвира Ерғалина мен Айжан Сапарова. Эльвира Қазнетте @Айқаракөз нигімен белгілі. Сөмкесінде міндетті түрде ылғалдандырушы крем, әтір және әмиян болуы қажет. - Астанаға келгеннен бері, ылғалдандырушы крем менің күнделікті must have-ым болып кетті, - дейді өзі. Қыздар сөмкесіндегі заттардың қанша пайызын косметика алады екен? Бұны санап жатудың қажеті де жоқ, төмендегі екі суретті салыстырсаңыз болды, жауабы дайын-ақ тұр. Жиырма бірінші ғасырда үнемі байланыста болу өте маңызды, сондықтан қуаттандыру құралын өз…

Адам көркі — шүберек #4: Әйгерім Мұсаева

Бүгінгі сән айдарының қонағы киімінде, келбетінде үлкен өзгерістер енгізуден қорықпайтын, әрдайым қызықты эксперименттен қашпайтын және әрқашан көңілді болып жүретін алматылық ару қыз - Әйгерім. Жасы - 21де. Әйгерім ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Қазір "Хит-тв" арнасының журналисі. "Headliner", "Арнайы репортаж" атты бағдарламаларды даярлайды. Мен өзімді заманауи қыз деп санаймын. Әрқашан сән қумасам да, өзіме жарасатын киім киюге тырысамын. Маған көзге бірден ілігетін, қарапайым емес киімдер ұнайды. Киім киісіме қарай образ жасап, бірде қарапайым қыз, бірде мінезді қыз бола аламын. Бір қалыптылық ұнамайды, өзгеріп жүргенді ұнатамын. Биік өкшелерді жақсы көремін. Киім киюде де, өмірде де батыл шешімдер қабылдаймын. Тым қысқа белдемшеден, етегі жерге тиетін белдемшеге дейін к…

4
5
7343