Жердегі мекенді жұмаққа айналдыру, тозаққа да айналдыру өз қолымызда
Бүгін бізде қонақта - ФАРИЗА БАЙЕЛI. Продюсер, PR маманы. 100 тұлға медиа саласында жасақтаған маман. 500-ге жуық компаниямен жұмыс тәжірибесі бар. -Сіз медиа саласында біраз жыл жұмыс істедіңіз. Қазір қай салададасыз? Немен айналысасыз? Осы жайында өзіңіз тарқатып айтып берсеңіз. -Расымен де, мен қаншама жыл бойы медиа саласында қызмет еттім. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдары саласына 16 жасымда келдім. Ең алғаш "Ақ жол" Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газеті, "Тараз тынысы" қалалық газеті арқылы менің журналистика жолым бастау алды деуге болады. Кейін бірсыпыра мақалаларым республикалық "Егемен Қазақстан" газетінде де жарық көрді. Әрине, ішімдегі шығармашылық ізденіс мені одан кейін телеарнаға алып келгені рас. Қазір бәрін тізіп айтпай-ақ қояйын, қысқаша айтқанда еліміздегі көптеген тел…