Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ToylaFest-тің қызықтары

Жақында Алматыда Toyla Music Festival өтті. Күн жаңбырлы болып тұрғанымен қарамастан қала тұрғындары мен қонақтары мұнда заманауи музыка тыңдап, шығыс базарын аралап, тағамдардан дәм татқан болатын.

Фестивальдің басты демеушісі Jusan банкі шараға ерекше серпін берген ойын ұйымдастырды. Әсіресе, балалар үшін қызықты ойындар ұйымдасырылғаны мені қуантты.

Мен фестивальге қызым Айлинамен бардым. Балама карта ашып беруді ойымда жүрген еді. Қазір өзіміз де күнделікті ақшаны қолма-қолдан гөрі картаны пайдаланамыз ғой. Бала қолма-қол берілген аұқшаны жоғалтып алуы немесе дұрыс қолданбауы мүмкін. Ал, карта болған кезде қызымның ақшаны қайда жұмсағанын бақылап отырамын, бұл өте ыңғайлы. Мен үшін ғана емес баланың өзіне де қаржылық сауаттылығын арттыруға көмекші құрал дер едім. Фесивальдің арқасында өзіме де, қызыма да карта ашып алғаныма қатты қуандым. ЖАсы 8-де ғана болса да алғашқы банктік картасын қалай ашқаны қызымның да есінде мәңгілік сақталып қалады.

Осы жерде ойын ойнап, тапсырмалар орындағанымыздың өзі қызық болды. Барлық тапсырмадан ынта-жігермен өтіп, соңына келіп, өз сыйлығымызды алдық. Мынадай салқын ауа-райында қызым өзі суретін таңдап, Jusan картасы мен футболкасын жасатып алды. Ал мен термос ұтып алдым, енді жылы шәй ішетін болдық.

Жусан банкінің картасын ашу арқылы қонақтар тек сыйлықтар ұтып қана қоймай, балмұздақ пен тәтті ватаны бар болғаны 1 теңгеге алу мүмкіндігіне ие болды. Сондықтан, Jusan алаңындағы қонақтар саны да әлдеқайда көп болды. Олар тәтті тағамдарды алып, арнайы шатырларға жайғасты.

Nivea бренді шара қонақтарына сыйлықтар таратумен қатар, әдемі макияж жасап шараның көркін қыздарды.

Toyla Music Festival отандық өнімдердің ірі жәрмеңкесіне ұласып, музыкалық кешпен аяқталды. Шараға заманауи қазақстандық әншілер Dequine, Rusha, Kilemger, Ayau, Lili-мен қатар, британдық Hurts тобы да қатысты. Олар өздерінің хит туындыларын орындады. Фестивальдің көңілді өтуіне Алматыдағы толассыз жауын мен дауыл да кедергі бола алмады.

Ескерер бір жайт, Jusan Family картасын үйде отырып-ақ, қосымшаның көмегімен ашуға болады. Бір мезетте ата-аналар балалары үшін 3 карта аша алады екен. Балалар картасы қауіпсіз және толығымен ата-ана бақылауында болады.

0
0
367

Осы тақырып бойынша