Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Өңірлік коммуникациялар қызметі журналистерді қуантты

24 маусымда Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі «Ақпараттық саланы дамыту туралы: БАҚ-тың жаңа және дәстүрлі түрлері қалай өзара әрекеттестік орнатады» атты конференция ұйымдастырды. Іс-шараға Алматы мен өңірлерден 40-қа жуық журналистер мен блогерлер қатысқан болатын.

Алматы қаласы ӨКҚ басшысы Балсұлу Алекенова:

Қазіргі заманғы трендтерді талқылау, дәстүрлі баспа БАҚ-тан онлайн медиаға көшу мүмкін бе, жоқ па, подкасттар туралы көбірек білу, телеграмм каналды қалай танымал етуге болады, сондай-ақ журналист ретінде жеке брендті қалай пайдалану керек деген сыңайлы сұрақтарды талқылау маңызды.

Конференцияға аталған тақырыптарды қызықты деп тапқан журналистер қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында қазақстандық журналист, Shishin_like телеграмм каналының негізін қалаушы Дмитрий Шишкин, сондай-ақ BES.media. қоғамдық-саяси іскерлік басылымының журналист-редакторы Руслан Сағиев болды. Олар «өз медиасын қалай құруды, мақсатты аудиторияны тарту және оның сеніміне қалай кіруге болатынын» айтты.

Шара барысында журналистер өз пікірлерімен бөлісті, сарапшыларға сұрақтар қойды. Қатысушылар ұйымдастыруды жоғары бағалап, мұндай кездесулер қажет және пайдалы екенін атап өтті.

#БалсұлуАлекенова

#Өңірліккоммуникацияларқызметі

0
0
322

Осы тақырып бойынша