Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шамал менің көзіммен

SHAMAL фестивалінің жарнамасын көргенде бірден бару керек еп шештім. Сонымен, Шарыннан бір-ақ шықтық. Кегеннің тас жолынан бұрылып, ұлпа топыраққа белшеден борп еткенде таңғалғанымыз рас. Таудың баурайында жап-жасыл жайлау тұрғанда тақыр жерде нелері бар екен деген ой келгені рас. Ары қарай жүргенде байқағанымыз, “Айлы шатқалдың” ортасындағы жазықты жағалай түрлі-түсті мыңдаған шатыр мен киіз үйлерді жыпырлатып тігіп тастапты.

Жақындай бере байқағанымыз, дала қарақұрым адамнан көз сүрінеді. Біреулер биік жартастың басына шығып алыпты. Бір төбеде Қазақстанның туы желбіреп тұрғаны қуантты. Шатырларда біреулер медитация жасап жатыр, біреулер бизнес-ойын ойнап отыр, қолөнер шеберлері тұскиіз, шапан, сувенир, картина сатып отыр, үлкен шатырдың астында кәсіпкерлер тренинг өткізіп жатыр. Біз де бір төбеге шығып, айналаға биіктен көз салдық. Керемет көрініс. Нағыз көшпелілер ауылы дерсің. Көгорай шалғыннан тақыр жерге көшудің өз сыры бар екен, сөйтсек.

“Кәсіпкерлік, бизнес деген үнемі тәуекелге бел буу, сынаққа даяр болу, қиындықтан қаймықпай алға ұмтылу. Сондықтан фестиваль осындай тосын форматта өтіп жатыр” деп түсіндірді танымал бизнесмен Еркін Тәтішев.

Екі жыл Ыстықкөлде өткен Шамал биыл және келесі жылы Қазақстанда, сосын Өзбекстанда өтеді екен. Туыс әрі көрші халықтардың мәдени-іскерлік коллаборациясы

Бес күн бойы 20-ға жуық спикер сөзі жоспарланған. Ақыры біз күткен Хакамада ханым келіп жетті. Әлемдегі ең танымал әрі ақылды әйелдің бірі сөйлегенде бес мың адам тым-тырыс боп қалды. Бір сөзін қалт жібермеуге тырысып, құлағын тіккен ел. Хакамаданың харизмасы ғажап :) Эмоциялық интеллект туралы жақсы жеткізді. Жапондарды мысалға келтіруінен біздің қоғамды жақсы білетіні байқалды. Бір сағат дәрісі бір кітап оқығандай әсер етті. (Жапондар туралы айтқанын сосын жазам) деп интрига жасап қояйық.

Айтпақшы, сенбі күні түстен кейін алай-түлей жел соғып, борпылдаған топырақты ұшырғанда айнала көрінбей қалды. Әйтсе де сәлден кейін жел басылып, аспан ашылды Ирина Хакамада келгенде даланың ерекше әдемі болып кеткенін көрсеңізер ғой.

“Бізге уақыт беріңдер. Қазақстанның әлемге танымал брендтері болады” дейді бизнестегі номадтар.

‘Шамал - "қырғызша, самал жел" екенін бірі білсе бәлкім, бірі білмес. Қысқасы, алдағы уақытта тағы да болса, міндетті түрде барыңыздар.

#SHAMAL

#Шамал

#SHAMALlife

0
0
356

Осы тақырып бойынша