Chevron компаниясының әлеуметтік жобаларына шолу
Индустрия саласының көшбасшысы бола отырып, «Шеврон» Қазақстанның болашағын құратын, орта мектептерде және университеттерде оқитын жас ұрпақтың инновациялық стартаптарына қолдау көрсетуді ұйғарды. Осылайша соңғы бес жыл ішінде жүздеген жасөспірім бағдарламалау және әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері бойынша интерактивтік оқуларға қатысып, өздерінің стартаптары мен жұмыс орындарын құрып, ғылыми конкурстар мен фестивальдарға қатысты.Компания жаңа технологияларды, ғылымды қолдайды, жас ұрпақ үшін зияткерлік мүмкіндіктер ашады, қалалық және ауылдық мектептердің мұғалімдерін және тренерлерін оқытады. Бұл жобалардың барлығын STEAM – Science (ғылым), Technology (технология), Engineering (инженерлік іс), Art (өнер), Math (математика) сөзіне біріктіруге болады. Осы жобалардың бірнешесімен танысайық.…
