Тағылым мен Өнеге егіз...

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті 1948 жылы «Орман шаруашылығы» факультеті болып бұрынғы Қазақ ауылшаруашылығы институтында құрылған. Бұл факультет табиғат байлықтарын игеру мамандарын оқыту десек, артық айтпаймыз.
Осы орайда Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Орман,жер ресурстары және фитосанитария факультетінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Құрманкүл Абаева деканының тәрбие жөніндегі орынбасары, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Шабалина Майя , "Гүлстан" республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының PR менеджері Батима Кабдолданованың ұйымдастыруымен 2016 жылдың қазан айының 25 жұлдызы күні Жамбыл облысы Шу ауданының «Жерұйық» жас натуралистер станциясында семинар – практикум өткізілді.
Семинар – практикумге «Жерұйық» жас натуралистер станциясының үйірме жетекшілері, кіші қызметкерлері және бағбандар қатысты.
Тәжірибелі , тұрақты осы салаға өмірін арнаған оқытушы Шабалина Майя семинар барысында көгалдандыруға байланысты көптеген қажетті мәліметтер және табиғаттың ерекше ауа райы ескеру туралы кеңестер берді. Соның ішінде «Раушан гүлдер» тұқымдасын көбейтуді, қалемшелеуді көрсетті . Қылқанжапырақты бозаршаның қауызынан тұқымын ажыратып көрсетіп, оны жерге егу әдісін үйретті және туя ағашы туралы тың деректер беріп, күтіп баптауды, көбейтуді көрсетті.Мекеме ауласындағы арнайы берілген 10х10 м2 жер бөлімшесіне қылқанжапырақты бозаршаның тұқымы себілді.
Бірігіп атқарылған іс - шаралардың бірегейі, атап айтқанда; «Табиғатты бағала, қылқанжапырақты аяла» атты акция. Акцияға қатысқан қонақтар Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің орман ресурстары және аңшылық тану каферасының аға оқытушысы Шыныбеков Мұрат осы акция барысында «Тянь-Шянь» шыршасын біздің аймақта өсіру жолдарымен таныстырды, Республикалық ғылыми -танымдық , көпшілік «Гүлстан» журналының PR- Қабдолданова Батима "Өсімдіктер әлемі " оқу-әдістемелік құралдарының қажетілігене тоқталды, «Жерұйық» жас натуралистер станциясының үйірме жетекшілері және Е. Бекмаханов мектеп гимназиясының 4-6 сынып оқушылары табиғат туралы дайындаған баяндамаларын оқып берді Акцияны «Жерұйық» жас натуралистер станциясының негізін қалаған көшбасшы Абдикеримова Р. ашып қонақтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар шыршаны отырғызу әдіс-тәсілімен, көбейту жолын, күтіп, баптау әдістерін үйретті. Шыршаның көшеттерінің 910 данасы отырғызылды . Болашақта біз шыршалардың көшеттерін күтіп, баптап аудан орталығында отырғызуға өз үлесімізді қосамыз деп деген үмітпен жұмыстарымызды аяқтадық.Аудан көлемінде мектеп , балабақшалар ауласына қажетті көшеттер болып өсіп өнуіне қосымша тәжірибелі мамандардың көмегі, оқушылардың қызығушылықтарын қамту болып табылады. Табиғатты аялап, таза ауамен тыныстау денсаулық кепілі ұстанымы бойынша, отырғызған жасыл шыршаның өсіп-өнуіне әр эколог-ұстаздар мен үйірме мүшелері өз жауапкершілігінде екендігін атап өтті.
Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру 2017ж.» үндеу аясында аудандық мәслихат хатшысы Е.Өміралиев , "Гүлстан" республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының PR менеджері Батима Кабдолданованың ұйымдастыруымен Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің қосымша білім беру мекемесі «Жерұйық жас натуралистер станциясының » қолдауымен мекеме учаскесінде «Жүз есім – жүз ағаш» ағаш егу акциясы өтті. Акцияға аудандық мәслихат хатшысы Е.Өміралиев , аудандық мәслихат депутаттары І.Тортаев пен А. Жандабаева, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев, аудандық білім бөлімі , кәсіподақ комитетінің төрайымы Қ.Иманбаева , мекеме қызметкерлері ,ұстаздар мен оқушылар белсенді қатысты. Шараның мақсаты – егілетін жүз дананың әр ағашқа ауданның Құрметті азаматтарының есімін беріп, оқушыларды ауданымыздың үлгілі азаматтарын үлгі тұтып, ұлтжанды , елі мен жерін қорғайтын жастарды тәрбиеге баулу. «Жерұйық жас натуралистер станциясы» директоры А.Т.Сарсенбаева оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда, балаларды үйірмеге қамтудың бала үшін де, ата- ана үшін де пайдасы зор екенінде атап өтті. Келесі сөз кезегін Е.Өміралиев орталық жұмысының маңыздылығына тоқтала келіп, осында атқарылып жатқан жұмыстардың көңіл толтырарлық іс – шаралардың ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.
Сөз кезегін алған; Шу ауданы білім бөлімінің кәсіподақ төрайымы Қ.Иманбаева ауданымыздың экологиялық ахуалын жақсартуға осы мекеменің қосқан үлесі осы атқарылған іс – шаралар арқылы көрініп тұр деп құттықтады. М.Х. Дулати мектеп директоры аудандық маслихат депутаты Ақмарал Жандабаева, осындай акциялар жиі – жиі өтіп тұрса ауданымыздың көгалдандыру абаттандыру жұмыстары нығая түсер еді деп сенім білдірді. Орталықтың үйірме жетекшісі Р.Абдикеримова Елбасының халыққа жолдауын орындау барысында "Рухани жаңғыру 2017ж." аясында мекемеде түрлі байқаулар мен акциялардың жоспарлы өтуіне ұжымның қолдауы және Ізденістің нәтижесінде Республикалық ғылыми –танымдық көпшілік «Гүлстан» журналының PR менеджері , «Гүлзар» қоғамдық бірлестіктің директоры Батима Қабдолданова сыйға 100 әдеби, ғылыми кітаптар сыйға берілді деп қортындылады.
Шара барысында станцияның директордың оқу –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Н.Садыкова орталықта оқушыларды экологиялық тәрбиеге баулуда жүзеге асырылатынын және осы орайда станцияда 3 бөлім , ауданның 12 мектебінен 1505 оқушы қамтылғанын атап өтті. Республика , Облыс , аудан көлемдерінде өтетін жоспарлы шараларда ұжымның белсенділігін айтып өтті. Шара барысында оқушылар мен келген қонақтар мекеме ауласына жеміс ағаштарын, терек, ақ қайын, катальпа, гибесскус ағаштарының көшеттерін мерекелік көңіл күймен егіп қортындылады. Іс -шара барысында қатысушы қонақтар оқушылардың өнерін тамашалап , қолөнер бұйымдарын көрмелер көріп, емдік қасиетке ие шөп шайларының дәмін татты.
19 - қараша күні Шу қалалық мәдениет үйінде Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жерұйық» жас натуралистер станциясының ұжымымен ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Туған елге – құрмет!» атты республикалық семинар өткізілді. Ел тағдыры, ер тағдыры қыл үстінде тұрған талай қилы заман өткеніміз бізге мәлім. Тәуелсіздікке жетудің өзі бір қиямет еді біз үшін. Батыр елдің ұрпағы үшін тәуелсіздіктің ақ таңы атты. Қашанда ел тәуелсіздігінің қаз тұруынан бастап, бүгінгі таңда еңбектері бағаланып, Ғылыми педагогикалық еңбек жолында талай жетістіктерге қол жеткізіп жүрген азаматтардың еңбектерін насихаттау және жасөспірімдерді елдің өркендеп өсуіне мемелекетіміздің нығайюына өз үлесін қосуға дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылған семинар көптің көңілінен шықты.
Қазақ Ұлттық аграрлыық Университетінің « Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің деканы , экономика ғылымдарының докторы, доцент Абаева Құрмангүл Төлеутайқызы Шу ауданының тумасы, жерлесіміз ауданымыздың көгалдандыруына және көркейуіне 2016-2017 жылдар аралығында "Ауылым гүлденсін, көркейсін, көгалдансын" деген ниетпен «Жерұйық» жас натуралистер станицясымен ауданымыздың ауыл мектептеріне бес мыңнан астам ағаштар , қылқанжапырақты ағаштардың көшеттерін, 100 түп алма , 500 – ге жуық түрлі көшеттер өрік, қарағай, емен, үйеңкі, терек, ғылыми әдебиеттерін сыйға тартқан . 2017 жылы аудандық теміржолшылар мәдениет үйінде 300 ге жуық ауылдастарымен кездесуі болып "Шу ауданының Құрметті Азамат -2017ж" иегері атанды . Абаева Құрмангул Төлеутайқызының туған жеріне деген тартуын насихаттауда «Туған елге – құрмет» тақырыбында ұйымдастырылған Республикалық көлемде семинарға Қазақ Ұлттық Университетінің аға оқытушылары, доцент, профессорлар, ауданымыздың мектеп директорлары мен орынбасарлары және ауыл шаруашылығына қызығушылық танытып жүрген 10-11 сынып оқушылары, сонымен қатар қосымша білім беру мекемелері қатысты. (қатысушылар саны -300) .Семинар барысында келген қонақтар еліміздің ауылшаруашылығы мен орман шаруашылығының дамуы және қажеттілігі сонымен қатар Ел басы Н.Назарбаевтың «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша әр азаматтың елінің , жерінің көркейуіне өз үлесін қосу парыз екенін ескере отырып, осындай игі істі атқарып жүрген жерлесіміздің еңбектерін , насихаттау көпшілік назарынан шықты. Сонымен қатар семинарда «Жерұйық» жас натуралистер станциясының ұлағатты ұстазы Р.Абдикеримова «Экологиялық білім мен тәрбие берудегі жұмыс нәтижелері» баяндамасында , ауданымыздың экологиялық проблемаларды шешудегі атқарған жемісті жұмыстары туралы айтып өтті. Семинарда ауданымыздың мәслихат хатшысы Е.К.Өміралиев мырза К.Т.Абаева ханымға құттықтау сөз жолдай отырып, Құрмет грамотасымен мадақтаса, білім бөлімінің басшысы К.И.Қожағапанова ханым бағалы сыйлықтармен шапан жауып құрмет көрсетті. Семинар концерттік бағдарламамен ұласып, оқушылардың өлең – жырлары, музыкалық ән- шашуларын тарту етті. Осы мақала өткен шаққа саяхат болды. 2018 -2019 жыл атап өтетін факультеттің 70 жылдық мерекелі күндер құтты болсын деп тілеймін.
Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Садыкова
