Отандық продакшндар мен Түрік елінің кино мамандары кездесті

Бүгін, дәстүрлі түрде өтетін түрік Фильмдерінің апталығы аясында қазақ тілінде өнім шығаратын продюсерлік орталықтарының басшылары түрік әріптестерімен кездесті.

Түркия жағынан Бешикташ Мәдени Орталығының (BKM) фильм үйлестірушісі Фырат Сезгин, Түркия Кинематографистерінің кәсіби қауымдастығы (FİYAP) Бас хатшысы Ахмет Эдебали, Түрік Фильмдері Апталығының Бас Үйлестірушісі Өнер Кылыч және тұсаукесері өткен "Міндетіміз - демалыс" көркем фильмінің режиссері Мұрат қатысты. Нәтижелі өткен жиналыс Стамбұлда жалғасады, бұйыртса.

Шара соңында барлық қатысушылар кездесу ұйымдастырушыларына алғыс білдіретіндіктерін жеткізді.

Екіжақты тиімділікке құрылған сәтті кездесу болды деуге болады бұл шараны.

Кездесу барысынан бірер сурет

