Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ел дамуының жарқын үлгісі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халықтан қазақстандықтардан қолдау тапқанқандығы оның заманмен түйісетіндігін байқатады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі деп баға беруге де болады деп есептеймін. Мақалада өзіміз байқағандай сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер көтеріліп отыр. Ел Басшысы Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін, болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев бұл мақалада жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық - рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды».

Н.Ә.Назарбаев әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, жаңғырудың алты бағытын белгілегендігі баршамызға мәлім. Тоқталып өтер болсам:

1. Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм;

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6. Сананың ашықтығы.

Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

Сондай-ақ, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады. Н.Назарбаев айтқандай: «Болашақтың негізі, білім ордаларының аудиторияларында қаланады». «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асырып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың жаңа деңгейіне шығу мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:

– еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарында гуманитарлық ғылым кафедраларын қайта құру;

– гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 кітапты қазақ тіліне аудару;

– мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру.

Оқулықтарды қазақ тіліне аудару жобасының жиынтық әсері 2018-2019 жылдардан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемде үздік оқу үлгілері болып табылатын кітаптармен оқуды бастайды.

Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты.

«Рухани жаңғыру жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді» – деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.

Естеріңізде болса, Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде «еліміздің ертеңі – бір халық, бір ел, бір тағдыр»,- деген үш сөзге сыйып тұрғандығын ерекше мақтанарлық сезіммен атап өткен болатын. Тәуелсіздіктің тұғыры – келісім мен бірлікте, ал бірлігі жарасқан елдің алар асуы зор болмақ. Әлем елдері ішінде елдік пен бірлікті ту еткен Қазақстанның даму үрдісі көптеген көршілес елдерге үлгі-өнеге. Себебі, қазақстандық қоғамның басты байлығы – тұрақтылық пен этносаралық татулық болып табылады.

Елбасының мақаласын мұқият оқып, қатты қуандым десем мақтанғандығым емес. Неге десеңіздер «Ұлы даланың жеті қырында» Қазақстан өңірінде болған өркениеттерді қалай тану керек екенін айтып, оның методологиялық аспектілерін нақты анықтаған. Еуроцентристік көзқарастан арылу керектігін батыл жеткізді.

Көшпенділер не болмаса жартылай отырықшы елдерді надан және жабайы елге жатқызатыны белгілі. Соңғы уақытта Қазақстан тарихын зерттеу ісінде ілгерілеушілік бар. Бұл біздер үшін қуанарлық жағдаят. Қазақ даласында көшпенділер, отырықшылық, өнеркәсіп, сауда өркениеті болған. Ұлы Жібек жолы арқылы Батыс түрік қағанатына келген қытай монахінің жазбаларында, Рим империясы елшілерінің жазбаларына үңілетін болсақ, ханның ордасындағы тағын суреттейді. Оның әсемдеп жасалғанына, алтын мен күміспен қапталғанына аса бір ерекше тоқталады. Үйдің әшекейлеріне жібек мата қолданғанын, көздің жауын алатынын жазады. «Естемес хан таңертеңнен кешке дейін сусын ішіп отырды. Бұл сусын біздің шарап емес, жылқының сүтінен жасалған қымыз. Естемес хан өте мәдениетті түрде сөз сөйледі. Олардың өркениеті біз мақтанған өркениеттен ешбір кем емес» деп еңбектерін қорытқандығын байқауға болады.

Болашақ ұрпақты «Мәңгілік Ел» идеясы аясында ұлттық патриотизмді қалыптастыруға, өзінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру, мәдени тарихи баға жетпес құндылықтары бар қасиетті мекен Шоқан ауылында орналасқан әйгілі ғалым, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист Шоқан Уалихановтың «Шығыстың шоқ жұлдызы» атанған музейден және Сарқан ауданы, Лепсі ауылында орналасқан КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ кеңес опера өнерінің негізін салушылардың бірі Мұқан Төлебаевтың мемориалдық музейінің «Қазақ музыкасының классигі» тақырыбындағы жылжымалы көрмесіне «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты жобасы аясында ең алғаш мектептердің бірі болып, Күреңбел қазақ орта мектебінен 60 оқушы бір күндік танымдық саяхат сабағын өте жоғарғы деңгейде өткізіп қайтқан болатын. Осы бір күндік танымдық саяхат сабағына сынып жетекшілер Нұрлыбекова Мөлдір, Нұрболатқызы Мақпал, Ильясова Асем, Ажибекова Ардақ, Өзбекова Қамар және де «Туған жер» бағдарламасы бойынша факультативтік сабақ өткізетін Байжан Руслан Жұмабайұлының қосқан үлесін ерекше атап өткенді жөн көрдім.

Бұл жылжымалы музейден Күреңбел қазақ орта мектебінен арнайы апарған оқушыларымыз саяхатшы, әйгілі ғалым, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, қазақ халқының ардақты ұлы, шоқ жұлдызы Шоқан Уалиханов пен ұлт мақтанышы, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ кеңес опера өнерінің негізін салушы Мұқан Төлебаевтың өмірлерімен, еңбектерімен танысып, терең мағлұматтар алып, туған ел мен жерге деген қызығушылықтары арта түсті. Былай деуімнің басты себебі, бір күндік танымдық саяхат сабағына келген оқушылардың жүзінен байқалып, сонымен қатар олардың осындай танымдық саяхат сабақтары жалғасын тапса деген тілектерінен байқалып тұрды.

Әлемдік деңгейдегі бедел иесі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен еңбек жолы жасампаздық өнегесі екені ақиқат. Д. Қонаев елін сүю, жерін сүю дегеннің, шын мәніндегі патриотизмнің үлгісін көрсете білген адам. Жеріміздің тұтастығын сақтау жолында неше рет басын бәйгеге тікті. Саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған тұлғаны ардақ тұту, оқушыларымыз, парыз екенін түсінді. Музейге барған балаларға музей қызметкерлері тұлға жайында естеліктерін айтып, оқушылардың көңілінен шығып, ыстық ықыласқа бөленді.

Ұрпақтары да ұлықтаудан жалыққан жоқ. Сондай бабаларымыздың бірі – Нұрмолда Алдабергеновтың ерен еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ету мақсатында «Еңбек ер атандырады» тақырыбында шара өткізіп, Көксу ауданындағы Шұбар ауылына да барып қайтты.

Қарттар еліміздің алтын қазынасы деп, мектебімізде Алматы облысының Құрметті азаматы, Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Сарыбаев пен Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы, тыл ардагері Б. Жетпісбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Ортамызда жүрген ардагерлерді қадірлеу – біздің парызымыз. Үлкенді сыйлау, оларға қызмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Ардагерлердің өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім- тағылымдары өскелең ұрпақ үшін орны бөлек.

Жетісудың киелі жерлері: Шарын шатқалы, Алакөл көлі, Көлсай, Есік, Түрген сарқырамасы, Тамғалы шатқалы, Бесшатыр қорғаны, Алтын адам, Айғайқұм, Әулиеағаш ағашы, Тамшыбұлақ, Қойлық өлкетану мұражайларына, көркем өнер галереясына жыл сайын баруын ұйымдастыруды жөн көрдік. Данагөй қазақ халқымыз, «туған жердей жер болмас» деген сөзді қандай көрегендік даналықпен айтқан десеңізші.

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өз өлкесінің тарихын зерделеу барысында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 10 сынып жетекшілері Б.Садуакасова, Э.Сыдыкова мен 6 ә сынып жетекшісі Толеген Меруерт оқушылары мен ата-аналармен бір күндік танымдық саяхатқа барды. Оқушылар Шарын шатқалымен танысып, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оқушылар бойындағы танымдық, табиғатқа қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттері оянды.

«Ұлы дала әуендері» айдарында қазақтың дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптар әр өңірде әр түрлі жасау ерекшіліктері мен орындау шеберліктері мен орындау ерекшіліктері мен музыкалық құралдардың айырмашылығын білу мақсатында мектептің белсенді оқушыларымен жоғары санаттағы бастауыш сынып мұғалімі Қарақөз Кабдолданова, ұстаз- ұйымдастырушы А.Джакупова барлығы 80 оқушы мен ата-аналар қауымдастығы , жас маман ұстаздар Алматы қаласында орналасқан Ықылас атындағы қазақтың ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында болып, мұражай директоры Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынованың лекциясын тыңдап, музейдегі ұлттық аспаптар туралы ақпараттарды гид айтып берді.Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның студенттері домбырада, жетіген ұлттық музыкалық аспаптарда концерт берді. Алматы қаласында орналасқан 28 Панфиловшылар Паркте арнайы жазушы, қаламгер Ұлы Отан соғысы туралы тың деректі кітаптар авторы , тарих ғылымдарының докторы , профессор Лейла Сейсембекова Ахметованың лекциясын тыңдап, Мәңгі Алауға оқушылар, ұстаздар гүл шоқтарын қойды .

Сонымен қатар, біздің оқушылар мен мұғалімдер «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының редакторы, өсімдіктанушы Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің Құрметті профессоры, Гөзел Құлжабаева жерлесімізбенен кездесті. Мұғалімдер мен оқушылар «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені бойынша танымдық сабаққа қатысты. Сыйға әр оқушы боямақ, ертегілер, жұмбақтар, әңгіме кітапшалар топтамасын сыйға алып қайтты.

Негізі оқушыларымыздың бойларына ұлттық тәрбие қалыптастыруға, өзінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру мақсатында мұғалімдер, ата-аналар және демеушілер есебінен тақырыптық, танымдық саяхаттарды тұрақты ұйымдастыру басты мақсаттарымыздың бірегей болып табылады.

Кыстаубаева Камшат, Күреңбел қазақ орта мектебінің директоры, аудандық мәслихатының депутаты. Алматы облысы.

ФОТОСУРЕТТЕ : Кыстаубаева Камшат мектеп директоры,Касенова Мейрамгуль директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Калыбеков Нуркен директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Ильясова Асем тарих пәні мұғалімі

0
0
1019

Осы тақырып бойынша

Ел дамуының жарқын үлгісі - Yvision.kz