Қайран Қырымлы жұрты! Қайырымды қазақ халқы!
Қырымнан жер аударылған Нариман Шамилевтің естелігенен: "Қырымнан қазақ даласы арқылы қоныстану орнына дейін бара жатырмыз. Жұртты мал сияқты тиеп, вагондарға отырғызған, вагон ішінде Решат ағамыздың анасы қайтыс болды. Ол кісі ақсүйектер ұрпағынан болатын. Станцияда жерлейміз деген кезде, бәрімізді әскерлер автоматтарымен ұрып, вагонға қуып тықты. Жан керек? Не істейтінімізді білмейміз. Сол кезде жергілікті қазақтар келіп Решат ағаға былай деді: "Анаңызды мұсылман салты бойынша жерлейміз. Тек есімін, туған күні мен туған жерін жазып бер. Алла жазса, кейін анаңыздың басына келіп Құран оқисыз". Қазақтар сөздерінде тұрды. Көп жылдардан кейін Решат аға манағы станцияға келді және анасының қабіртасын тапты. Қырым қызының аты-жөні Шамилева Фатима екен! Қайран Қырымлы жұрты! Қайырымды қазақ хал…
