Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оңтүстікке сапар туралы

2019 жылғы 9-12 мамыр аралығында Түркістан және Қызылорда облыстарына саяхат жасап келдім. Бұл жолғы сапар бұрынғыдан өзгеше болды. Егер, Түркістан облысына осымен төртінші рет сапарға шығып отырсам, Қызылорда облысы аумағына алғашқы жол түсуім екен. Бәрі ойдағыдай, сапар сәтті болды. Түркістан, Шымкент шаһарларынан өзге Қарнақ, Шәуілдір, Шаян, Темірлан сияқты көптеген елді мекендер мен Ақбура, Ақмешіт, Аппақ ишан медресесі, Мірәлі баба кесенесі, Сауран қаласы орны, Отырар жазирасы, Отырар қаласының жұрты, Ғайып ерен Қырық шілтен, Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Үкаша ата, Қажымұқан Мұңайтпасов музейі сияқты көптеген мәдени-тарихи нысандарды аралап, рухани ләззат алдық. Қызылорда шаһарынан өзге Жаңақорған және Шиелі аудандарына да жол түсті. Қызықты да танымды сапардың ойдағыдай өтуіне жәрдемдескен Түркістан облысы "Түркістан туризм" туристік-ақпараттық орталығы мен оның басшысы Нұрдәулет Медеуовке және Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімі Ғалым Әміреевке, сондай-ақ, бауырым, белгілі жазушы Мұхарбек Махамбетке және досым әрі әріптесім Маратқа Заурбековке алғыс білдіремін. Алдағы уақытты мүмкіндігінше әр нысан бойынша ақпарат беруге тырысамын.

0
0
861

Осы тақырып бойынша