Мазмұнға өту
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

Сайтта 2016 ж. 21 наурызКазахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

жазбалар

321

пікірлер

85

тіркелуші

20

жазылу

1

«Тәтем-ай» немесе қайран әкем!

Әкем – Қорған Әмірхамзаұлының рухына бағыштаймын! Қазақстанның әр жерінде әкені – тәте дейді екен. Мысалы, Абай Құнанбайды "тәте" депті, Жамбыл Жабаевты балалары «тәте» дегенін оқығаным бар. Бәлкім бұл бұрынғы заманнан қалған атау ма екен? Олай дейтінім, украин халқында да әкесін «тато» деп айтады. Ежелгі түркі тілінен қалған жұрнақ қой! Әкемізді «тәте» дейтінбіз, әрине оқырмандарға түсінікті болу үшін әке деп алып отырмын, әйтпесе «әке» деп айту біртүрлі екен, негізі мен үшін үш-ақ «тәте» бар, біріншісі – әкем Қорған, екінісі - Гүлжан тәтем, үшіншісі – Қалжан тәтем. Соңғы екеуі Сейдағали көкемнің қыздары. Бірақ, бүгінгі әңгіме әкем – Қорған туралы болмақ. Менің әкем – Қорған Әмірхамзаұлы 1927 жылғы 5 қазанда қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы (бұрынғы Торғай уезі Қарақоға б…

0
0
2947

Көп естігеннен бір көрген артық

Көп естігеннен бір көрген артық дегендей "Алмас қылыш" фильміне кеше уақыт тауып барудың да сәті түсті.Енді фильмге қатысты өз ойымды айта кетейін.Бірден айтайын "Көшпенділер" сияқты жай ғана мемлекеттің қаражатына түсірілген фильм болып қалатын түрі бар, оған қарағанда "Жаужүрек мың баланың" көркемдік деңгейі де актерлер ойындары да, көріністері де бәрі көш ілгері.Әрине, әр қазақ баласы (ол дәуірді айтамын) мақалдап-мақамдап, әр сөзін теріп, өлеңдетін айтатыны шын, алайда бұл жолғы фильм театр деңгейінде ғана қалып тұр.Жалпы, 2 млрд. теңге жұмсап түсірілген кино менің өз ойымнан шықққан шоқ.Бірінші, Шайбани шахты өресі төмен, сарай әйелдерінің өсегін тыңдайтын дәрежеге түсіру қаншалықты қажет болды? Тұтастай бір елді басқарған патшаны бұлай көрсету қаншалықты дұрыс, билік басына жай адам…

0
0
915

Қытай қорқынышы

Біздің қоғамды синофобия билеп алғын, түсіндіре кетсем "сино" - Шың, Қытай деген мағына береді де "фобия" - ол үрей, қорқыныш.Ағайындар әр нәрсенің байыбына барайықшы, "Қытайдан күйеулер келе жатыр" деп байбаламды бастап жібердік, шындығында ол "жеңгетай фирманың тірлігі" еді, оған тегін жарнама жасап, әр топқа салып, бөлісіп жатырсыздар. Бұрын олар бар ма еді, жоқ па еді, ешкімнің хабары жоқ болатын. Шындығында олардың келу-келмеуі де неғайбыл. Дегенмен сөз мәні бала бер (бұл жерде қыз бала деген деген мағынада) және оған сана бер болып тұр емес пе?!Енді әңгіме төркінін Қытайға бұрайық.Шын мәнінде Қытай - бұл бұрынғы Кеңес Одағының 50 жыл кейінгі үлгісі, иә таң қалмаңыз, Қытайдың даму жолы мен саясатын қарасаңыз дәл Кеңес Одағын еске түсіреді.Мәселен, қазіргі Шығыс Түркістанды игеруі Кең…

0
0
1155

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ!

"Қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекші, осы "алтын" сөзін қазақ тілінде "алтын тұлпар", "алтын қол", "алтын жүрек" деп пайдалану қаншалықты дұрыс, олар "қанатты тұлпар", "ісмер не шебер қол", "ақ жүрек" емес пе, осы калькалар-ақ шаршатты!

Айтқандай "Алтын домбыра", "Алтын белес", "Алтын Орда", "Алтын Дала", "алтын күн", "алтын дән", "Алтын сақа" сияқты тағы да дұрыс та бұрыс та қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері бар. Сіз тағы не қосар едіңіз? 
Мына баланың бас киіміндегі жазуды оқыған кезде еске түсіп кеткені!

"Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен" деп атам қазақ бекерден айтып кетті дейсіз бе?! "Алтынның" қадірін кетіріп алмайықшы өзі!

0
0
5095

«Басқа түссе баспақшыл» немесе Астанадағы қоғамдық көліктің жағдайы туралы

«Басқа түссе баспақшыл» демекші осы дүйсенбіден бастап жеке көліктің жайы мәз болмай, бір апта жаяу жүруге тура келді, дұрысы қоғамдық көлікті пайдаландым. Негізі қоғамдық көлік жайын бұрыннан да білетін едім, бірақ өз көзіңмен көргеннен кейін бәрін қаз-қалпында жеткізуге тырысайын. Сонымен, таңғы 6.45-6.50 шамасында біздің күткен автобусымыз кестеге сәйкес өтуі керек болатын. Аялдамаға әдейі ерте келдім. Автобусымыз жанымыздан «шу қара құйрық» деп зу етіп өте шақты. Ал, керек болса! Амалсыз келесі автобусты күтуге тура келді. Бұл автобусқа отырдық, іші ығы-жығы халық, әрең дегенде кірген жайымыз бар. Автобус ішінде «жұпар иіс» аңқып тұр, бір мезгілде біреудің аяғын басқа кісі басып кетті білем, «құлтабан» болса керек, «аяғыңызға қарамайсыз ба?» деген дауыс шықты. Қысылып-қымтырылған халы…

2
0
1247

Науырзым қорығына саяхат

Сөйтіп, қойнауы қазынаға, жері тарихқа толы, елі батыр, табиғаты керемет Науырзым жеріне де барып келдім. Шынында бұл сапар қызық әрі аяқ астынан болды. Осыдан біраз бұрын ғана бауырларыммен жаңа бастама, туған елге тағзым ретінде – «Тылсым Торғайға саяхат» атты турымызды ойлап тауып, оны іске асыруға кірісіп кеткеніміз туралы білетін боларсыздар. Жаңа істі бастау әрқашанда қиын, бірақ оның болашағы зор екеніне сеніммен қараған біздер – жоспарымызды сәтімен жалғастырып жатырмыз. Бұл тур туристер тарапынан ғана емес, сонымен қатар туризмге қатысы бар мемлекеттік органдар тарапынан, әсіресе Қостанай облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызығушылығын тудырды, олармен байланыс та орнатқан едік, алайда турымыз Қостанай облысының оңтүстік аудандары – Торғай өң…

1
0
2527

Жалған намыс, өтірік ұят!

Әр каникул сайын ауылға өтер алдында біздің шағын қаладағы нөмірі бәленше кітапханаға соғатын едім. Онда жұмыс істейтін кітапханашы апайымыз - Нарғыз жаңа келген кітаптарын көрсетіп, мені өз туысы келгендей қуанатын. Негізі бұл кітапхана қаланың орталығында болмаса да кітап қоры мол, оның үстіне апайымыз өз ісіне берілген жан әрі жылы ұшырай қарсы алатын.Солай, бір жолы әңгіме-дүкен құрып отырған кезде апай: "Алмат, осы сен Байқадам ауылынан емессің бе, ауылдасың Ризабек деген жігіт кітап тапсырмай кетіп еді" деді.Иә, Ризабекпен бір сыныпта оқып едім.Кеңес Үкіметі кезінде мына дәстүр болатын. Егер, жағдайы, сабақ үлгірімі жақсы болса ұл-қыздар 8 сыныптан кейін мектептегі оқуын жалғастырады, ал сабағы нашар не ата-анасына көмектесемін дегендер, училищеге түсіп ерте еңбекке араласатын.Ризаб…

1
0
1202

Баян Есентаева туралы бірер сөз

Әр адамның басында әртүрлі жағдай болады, өмірде негізі жау сырттан келмейтіні түсінікті, дәл қасыңдағы адам Сіз ойлағандай емес, бір қиыншылық тудыруы мүмкін, әрине адамның күні адаммен екені белгілі жайт, бірақ рухы мықты адамдар да қателесіп жатады. Дәл сондай жағдай Баян Есентаеваның басына түскен сияқты. Кінә қою оңай. Алайда өз басым Баянды соңғы фильмдері үшін емес, алғашқы классикалық фильмдегі рөлі үшін жақсы көремін. Баян менің түсінігімше қиыншықтан шығу жолындағы қазақ әйелінің образы сияқты. Иә, қиыншылыққа, күйеуінің озбырлығына төзе білді, десек те олардың арасындағы түсінбеушілік түбі осындай қиын жағдайға алып келді. Баянның тағы бір еңбегі ол - қазақ эстрада өнерін өзіміздің бағалауымызға себеп болуы. Тез сауығып кетсін деп тілей отырып, оның қатысуымен Талғат Теменов ағ…

-1
0
1355

Италақаз бен ауыл иті

Италақаздың күшігі туралы аңыз Қазақстанның барлық жерінде кездесетіні белгілі, әртүрлі нұсқалары да бар болуы мүмкін, бірақ кішкентай кезімізде естіген әңгіме жадымыздан әсте кетпейді. Мына суреттегі италақаз (кейбіреулер – сарыалақаз деп те атайды, негізі италақаздың өзі тегін құс болмаса керек, себебі біресе үйрекке біресе қазға ұқсайды) деп аталатын қара-ала құстың балапаны болады (бірақ меніңше бұл су құсына ұқсайтын сияқты, сондықтан құстың бұл емес, Қазақстанда сирек кездесетін «құмай» атты түрі болуы мүмкін деп топшылаймын). «Италақаздың бәлен жылда бірақ рет кездесетін, алғашқы басып шыққан жұмыртқасынан құмай тазы туады» деседі көнекөз қариялар. Өзі ұяға емес, елсіз жердегі іннің ішіне, қасқырдың немесе аюдың ескі апандарына, я болмаса таудың үңгірлеріне жұмытқалайды. Италақаз ж…

2
0
7817

Аштықтың тартып зардабын...

Қолдан жасалған қиянатты бастан өткергендер туралы Бала күнiмiзде ауылдың iргесiнде көптеген мола болушы едi, мола болғанда былай: өзеннiң арғы бетiнде Шәкiртам деп аталатын ауыл адамдарын жерлейтiн арнайы қорым орналасқан, ал ауылдың маңында Шәкiртамнан бөлек әр жерде кейде қоршалған кейде қоршалмаған белгiсiз солдат бейiтiндей бейiттер бар едi. Шынын айтқанда, ешкiм оларға мән бермейтiндей көрiнетiн (олай еместiгiн мен есейе келе түсiндiм), әркiм өзiнiң күйбең тiрлiгiмен айналысып жатушы едi, оның сыртында "коммунизмге жетемiз деп" бозалатаңнан жұмыс соңындағы халықтың мұршасы да бола бермейтiн. "Бұл не қылған қаптап кеткен молалар? Шәкiртам қорымы болса тиiп тұр, ал мыналар неге шашырап әр жерде орналасқан?" деп таң қалушы едiм. Бiреулерден сұрағанмен ешкiм де тұщымды жауап бермедi. Ке…

0
0
1600