Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Италақаз бен ауыл иті

Италақаздың күшігі туралы аңыз Қазақстанның барлық жерінде кездесетіні белгілі, әртүрлі нұсқалары да бар болуы мүмкін, бірақ кішкентай кезімізде естіген әңгіме жадымыздан әсте кетпейді.

Мына суреттегі италақаз (кейбіреулер – сарыалақаз деп те атайды, негізі италақаздың өзі тегін құс болмаса керек, себебі біресе үйрекке біресе қазға ұқсайды) деп аталатын қара-ала құстың балапаны болады (бірақ меніңше бұл су құсына ұқсайтын сияқты, сондықтан құстың бұл емес, Қазақстанда сирек кездесетін «құмай» атты түрі болуы мүмкін деп топшылаймын).

«Италақаздың бәлен жылда бірақ рет кездесетін, алғашқы басып шыққан жұмыртқасынан құмай тазы туады» деседі көнекөз қариялар. Өзі ұяға емес, елсіз жердегі іннің ішіне, қасқырдың немесе аюдың ескі апандарына, я болмаса таудың үңгірлеріне жұмытқалайды. Италақаз жылына екі-ақ жұмыртқа салады, соның бірінен күшік шығады екен. Бір италақаз өмірінде бір-ақ рет күшіктейді. Егер де италақаз қай жұмыртқадан күшік шығарын білсе, енесі оны уыз күйінде жарып тастайды. Егер жара алмаса, қабыршықтан  шыққан   күшік   көзін   аша   салысымен-ақ аңға ұмтылады. Әрі жүйрік, әрі күшті болғандықтан алмайтын аңы болмайды екен.

Аңыз болар, бірақ аңыз түбі шындық деп сенгім келеді.

Ал, осы қыста Қарағаш деген жерде қойшы ауылда отырған Таңат ағамның итіне (шынымды айтсам қандай иттің қандай тұқым екенін де білмеймін) қасқырдың қаншығы келіп, екеуі шағылысып, ауыл адамдарының зәресін алды. О заман да бұл заман дала түзінен ауыл иттері қорқатын еді. Қасқыр шапқанда қорқау иттер шөмелеге, қораның төбесіне шығып кететін, ал батылдары айқаса бастайды. Мына көріністе керісінше, қасқырдың қаншығы ауыл итіне келіп мойын ұсынып, өз еркімен берілгенін кім көрген? Иттің сырттаны осы болар, шамалы қасқыр ауыл маңына жолмайтыны шын. Бір қызығы ауыл төңірегіндегі қасқырлар сырттың қасқырын ауылға тақатпайды екен.

Бұл иттің (төбет болар деп болжадым) қаншыққа қалай ұнағанын кім білген, қысты күні Қабырға өзенің екі жағалауынан бір-бірін тауып алып, дала кезіп жүргенде талай кісінің зәресін алған. Бірақ адамға тиген залалы тағы жоқ. Бірнеше рет кісілер көріп, мылтықпен атамын деп оқталғанда тура алдынан шыға келіп, олардың сасып қалып, түк бітірмей келгені бөлек әңгіме.

Дегенмен сақтықта қорлық жоқ деп, «ертең ит пен қасқырдың шағылысуынан туған күшік қойшы ауылға маза бермейді» деген оймен қаншық оққа байланды.

Міне, кейде аңыз бен шындықтың, италақаз бен құмайдың, дала дүзі мен сырттанның, қырдағы қазақ өмірінің ұштасып жататын осындай жақтары бар.

Кейіпкер иттің фотосынан басқа суреттер Интернеттен алынды!

 
2
0
7819

Осы тақырып бойынша

Италақаз бен ауыл иті - Yvision.kz