Мазмұнға өту
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

Сайтта 2016 ж. 21 наурызКазахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

жазбалар

315

пікірлер

85

тіркелуші

20

жазылу

1

Кәріс тілі кімге керек?!

Бүгін мынадай бір көрініске куә болдық. Кәріс тілін үйрену үшін білім орталығында (меніңше, аталған орталық Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі жанында құрылған) кезекте тұрып, жазылып жатқан жастардың 90 проценті қаракөз ұлдарымыз бен қыздарымыз екен! Негізі Алтай тілдері тобына жататын кәріс тілі ағылшын не испан тілі сияқты кең таралған тіл емес. Әрі кетсе қос Кореядан өзге, Қытай мен Жапониядағы, АҚШ пен бұрынғы ТМД елдеріндегі диаспора өкілдері ғана қолданады. Бірақ, кәріс киносы, кәріс музыкасы мен кәріс асханасы деген тақырыптар жастар арасында қатты қызығушылық тудырып, олардың кәріс тілін үйренуіне алып келіп жатыр. Былайша айтқанда мәдени экспансия деп айтар едім, әрине, олардың саясаты дұрыс, бірақ ана тілімізге де сондай іңкәрілік болса ғой деп ойлап қалдым. Дегенмен,…

0
0
862

Қостанайда Хәкімжан Наурызбаев ескерткіші ашылған еді

2019 жылғы 17 тамыз күнгі сағат 12.00-де Қостанай қаласында қазақтың тұңғыш мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаевқа ескерткіш ашылады. Ескерткіш Қостанай шаһарындағы Алтынсарин және Пушкин көшелерінің қиылысында бой көтермек. Осы ретте, Айгужина Балдырғанның Хәкімжан атамыз туралы материалын беруді жөн көрдім: "Хәкімжан Есімханұлы Наурызбаев - қазақтың тұңғыш мүсіншісі, Қазақстанның халық суретшісі, ұстаз, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Тарихи тұлғалардың мүсіндерін сомдауда зор табыстарға жеткен. Ол әр тұлғаның бейнесін, жан дүниесін психологиялық тұрғыдан тереңірек ашуға ұмтылды. Осы салада қажырлы еңбек еткен, жан - жақты зерттеулер жүргізген мүсіншінің өмір жолы өнегелі істерге толы. Хәкімжан Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұлыкөл ауылында дүниеге…

0
0
2016

Қостанайда Абай ескерткіші қашан қойылар екен?

Алдағы жылы қазақтың дана ойшылы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы келе жатыр. Құптарлық іс, қазақтың бас ақынын қалай мақтасақ та жарасады. Дегенмен, білдей бір облыс орталығы Қостанайда әлі күнге дейін ұлы ақынның ескерткіші жоқ екен. Білмеймін, мән бермедік пе әлде қаланың қақ төрінде Пушкин ескерткішін қойып тұрып, тағы да Абайды ұмытып кеттік пе екен? Қалай десек те қаланың Абай атындағы даңғылында Алаш жұртының мақтанышы - Абай Құнанбайұлының ескерткіші тұрса, қандай жарасымды болар еді. Ән айтып, өлеңдерін жатқа оқып, челленджді жалғастырғаннан гөрі, Қостанай шаһарында Абайға арналған бір зәулім ескерткіш қойсақ бабамыз алдындағы ұрпақ аманатының орындалғаны дер едім.

Суретте Алматы шаһарындағы Абай Құнанбайұлы ескерткіші

0
0
938

Қостанайда Қарабаевтың атында әлі күнге дейін көше жоқ?

Қостанай қаласында қазақтың тұңғыш кәсіби дәрігері Мұхамеджан Қарабаевтың атына қашан көше беріледі? Әйтпесе, Гашек, Быковский, Волынов, Павлик Морозов не Дзержинский, "Первого Мая" немесе "Второго Челябинска" көшелердің біреуін Мұхамеджан Қарабаевтың атына беруге болады ғой? Кеңес мұрасындай ол көшелерді қимаса, тіпті аты жоқ, жаңадан пайдалануға беріліп жатқан көшелердің бірін берсін! Жалпы, біздің Тобыл-Торғай өлкесі Алаш жұртының қасиетті де киелі мекендерінің бірі. Бұл өлкеден көбінесе Торғай өңірінен шыққан тұлғаларды жақсы білеміз де, Қостанайдың тумалары туралы ұмыта береміз. Иә, бәлкім артынан іздеушілері жоқ па екен, әйтпесе Қостанайдан шыққан Ыбырай мен Шоқаннан өзге, Бейімбет Майлин мен Серке Қожамқұлов, Мұхамеджан Сералин, Мәриям Хәкімжанова, Нәзипа Құлжанова, Елубай Өмірзақо…

0
0
2762

Көп қорқытады, терең батырады

2008-2018 жылдар аралығында орыс тілді мектептерде оқитын балалардың саны 918 мыңнан 395 мыңға дейін кеміген. Осы аралықта Қазақстандағы мектеп оқушыларының саны 2,5 миллионнан 3 миллионға дейін өсті. Ал, 2001 жылдан 2017 жыл аралығында университеттердегі қазақ бөлімдерін таңдаушылардың саны тағы 30 проценттен 63 процентке дейін артты. Қостанай облысының Соналы аулындағы қазақ тіліндегі мектеп туралы ақпаратты оқығаннан кейін еске түскен жайт. Осыдан кейін ана тіліміздің болашағы жоқ деп кім айта алады? Тағы бір он жылда демографиялық өсімге байланысты Қазақстандағы мемлекеттік тіл жағдайы түбегейлі өзгереді!

0
0
571

Дәулетбике

Дәулетбике! Орта жүз қыпшақ, оның ішінде торы қыпшақ, оның ішінде түйішкеден өрбіген аталардың бірі «Дәулетбике» деп аталады. Дәулетбикенің қыздай тұрмысқа шыққан адамы түйішке ішіндегі Мұрат деген кісі екен. Мұрат қайтыс болып, Дәулетбикені әмеңгері Мәмбет алады. Әмеңгері Мәмбетке қосыларда Дәулетбике «бөлек ауыл болып отырайын» деп шарт қояды. Бұл шартын Мәмбет орындаған. Содан, бәйбішесі бір ауыл, тоқалы бір ауыл болып отырған соң, Мәмбет ары-бері қатынайтын болады. Сонда, жолшыбай жөн сұраған адамға Мәмбет: «Дәулетбикенің ауылына барамын» деп жауап береді екен. Осылайша Дәулетбикеден өрбіген ұрпақ анасының есімімен аталып кеткен. Дәулетбике Есім хан тұсында Ташкентті билеген Тұрсын ханның қызы еді деген сөз бар. Айтқандай Дәулетбикелер - біздің ұлы нағашыларымыз, әжеміз (Әмірхамзаның…

0
0
1469

«Стан» атауы бар елдер мен өңірлер тізімі

«Стан» атауы бар елдер мен өңірлер тізіміАуғанстан Ауған Түркістаны (көбінесе түркі тілдес халықтар және тәжіктер тұратын Ауғанстанның солтүстік бөлігінің тарихи атауы, ресми емес) Айастан (Армения) Аварстан (Ресейде тұратын авар жерлердің жалпы атауы, ресми емес) Башқұртстан (Ресей) Белуджистан (Пәкістан) Вазирстан (Пәкістан) Гүржістан (Грузия) Гүлстан (Иран) Гилгит-Балтистан (Пәкістан) Дағыстан (Ресей) Даштестан (Иран) Ирыстон (Солтүстік Осетияның атауы, Ресей) Кәпірстан (Ауғанстан) Кохистан (Пәкістан) Күрдістан (Иран, Ирак, Сирия және Түркия жерлерінде тұратын курдтар қоныстанған жерлердің жалпы атауы, ресми емес) Қазақстан Қырғызстан Қарақалпақстан (Өзбекстан) Қалмақстан (Ресей) Лурестан (Иран) Лазистан (лаздар тұратын жерлердің жалпы атауы, Түркия, ресми емес) Лезгистан (лезгилер тұр…

1
9
4977

Жамму және Кәшмір

Жамму және Кәшмір! Бізге алыстағы Үндістан кинодағыдай қызықты көрінеді, бірақ, Үндістанның «істеріне» де бір баға беріп қою керек-ау. Негізінде, Үндістан, оның солтүстігіндегі Жамму және Кәшмір салыстырмалы түрде алсақ Қазақстанға тиіп тұр. Олай дейтінім, Орталық Азиядағы бауырлас елдер мен Қытайдың, Пәкістан мен Ауғанстанның түйіскен жерінде орналасқан Жамму және Кәшмір біздің жұрт үшін де бөтен ел емес.Арғы тарихқа бармай-ақ, бергі Дели сұлтандығы кезінің өзінде түркі жұртының ат басын тіреп, билік жүргізген жері еді. Кейін, тағы да Орталық Азиядан кеткен түркілер – моғолдар деген атпен белгілі көшпенділер ұрпақтары Үндістан түбегіне бауыр басып, осында алып империя құрған болатын. Заманында Кәшмірді қазақ даласының перзенті Мұхамед Хайдар Дулати билеген еді. Айтқандай, Жамму мен Кәшмі…

0
0
1917

Сарықопа

Сарықопа! Енді, мән беріп отырсам, біздің тілімізде «сары» сөзі жиі қолданылады екен, Сарыарқа, Сарыоба, Сарыөзек, Сарыадыр, Сарыөзен, Сарықопа (бір қызығы Сарыадыр арқылы Сарыөзен Сарықопаға құяды), сарыбел, сары тісті кемпір, сабыр түбі сары алтын, Сарысу, сары балапан, ал, Сары деген өзіміздің Мұнанайымыздан (Троицк) өзге іргеміздегі Челябіде де сондай ауыл бар, оны айтасыз-ау, тіпті Украинада да Сары деген деревня бар екен. Қызық! Айтқандай, баяғы Поле половецкое, яғни Дәшті қыпшақтың да мағынасы сары ғой, әріге бармай-ақ қояйын, бірақ, келесі әңгімеміз - сар даламыздағы Сарықопа туралы болмақ.Әлқисса, сонымен, 2019 жылғы 7 шілде күні «Алтын Дала» резерватының «Тосынқұм» (тағы бір қызықты айтайын, Тосын кейде Сары Тосын деп те аталады) учаскесін аралап болған соң (резерват қызметкелер…

1
0
3568

Тосынқұм

Тосынқұм! Тосынқұм атауы есіме түскенде әуелі Тосынның Торғай жерінің батысындағы құмды-шөлейтті аймақ екенін және атақты тархан – Шақшақ Жәнібектің қонысы болғанын білетінмін. Алдыңғы жылы Шеген ауылы жағына өткен едім, бірақ Тосынқұмды бұрын естігенім болмаса, барып көрмеген жерім. Иә, қызық, бәлен жыл Торғайда тұрсам да Тосынқұмға жол түспеген еді. Осы жолы арнайы және сайланып келдік, бірақ, әдеттегідей уақытымыз тығыз болды. Сөйтіп, 2019 жылғы 7 шілде күні түстен кейін «Алтын Дала» резерватының «Тосынқұм» учаскесіне жол тарттық. Жалпы, сырттың адамы Торғай жерін көріп, бәрі бірдей боз дала деуі мүмкін, бірақ, мен мысалы, Ұлы Жыланшық жағының, Сарықопа бөлігінің, Тосынқұм жерінің айырмашылығын бірден байқадым. Қазақ даласының Торғай секілді ұланғайыр аймағының табиғаты әртүрлі болуы з…

2
0
2959