Туған жер - Торғайым!
Туған жер - Торғайым! Біздің Торғай жеріне жасаған экспедициямыздың екінші күні, яғни 7 шілде күні Торғай қаласындағы музейлерге барғанымыз және өте құнды жәдігерлермен танысқанымыз туралы бұған дейін жазған едім. Әрине, мүмкіндігінше тарихи нысандарын да, өңіріміздің табиғатын да көруге тырыстық. Сол күні, Торғай кентіндегі музейлерді аралап болған соң, алыстан келген қонақтардың құрметіне Жанкелдин ауданы әкімдігі ұйымдастырған қонақасыға шақырылдық. Тағы да мақтанғандай боламын-ау, бірақ Торғай қазақтарының қонақжайлылығы да ерекше ғой, кеше ғана Көкалат ауылында Талғат інім алдымызға сүр қосылған жас марқаның етін дайындатып қойса, енді алдымызға бұқпа келді, ал, елдің қымызы мен құрты қандай тамаша еді! Біз әрине, тек қымыз ішіп, ет жеуге келген жоқпыз, мақсат, өңірдің туризмін дамыт…
