Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қостанайда Абай ескерткіші қашан қойылар екен?

Алдағы жылы қазақтың дана ойшылы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы келе жатыр. Құптарлық іс, қазақтың бас ақынын қалай мақтасақ та жарасады. Дегенмен, білдей бір облыс орталығы Қостанайда әлі күнге дейін ұлы ақынның ескерткіші жоқ екен. Білмеймін, мән бермедік пе әлде қаланың қақ төрінде Пушкин ескерткішін қойып тұрып, тағы да Абайды ұмытып кеттік пе екен? Қалай десек те қаланың Абай атындағы даңғылында Алаш жұртының мақтанышы - Абай Құнанбайұлының ескерткіші тұрса, қандай жарасымды болар еді. Ән айтып, өлеңдерін жатқа оқып, челленджді жалғастырғаннан гөрі, Қостанай шаһарында Абайға арналған бір зәулім ескерткіш қойсақ бабамыз алдындағы ұрпақ аманатының орындалғаны дер едім.

Суретте Алматы шаһарындағы Абай Құнанбайұлы ескерткіші

0
0
940

Осы тақырып бойынша