Мемлекеттік қызметке 20 жыл
Мемлекеттік қызметке 20 жылда мемлекеттік қызметкердің мінезі мінсіз болуы керек.
Халықпен үнемі байланыста болатын мемлекеттік қызметші, бұқараның басындағы кез келген мәселені ақылға салып, орынды шешуі қажет. Бұл оның тікелей жұмысы. Әйтсе де, мемлекеттік қызметші деген статусына сызат түсіріп жатқандар жетерлік. Бұндай олқылыққа жол берілмес үшін, биыл арнайы әдеп кодексіне қатысты кітапша шықты. Мемлекеттік қызметкердің әр қайсысына арналған шағын покет букта этикаға жат қылық жасаумаудың, қандай жағдайда мемлекеттік қызметшінің өзін-өзі қалай ұстауы, мысалмен түсінікті тілде жазылған. Нұсқаулықта, тіпті мемлекетке бір тиын да шығын келтірмеу керектігі ескерілген. Мемлекеттік қызметшінің жүріп-тұрысы, сөйлеу мәнері тек жұмыс барысында ғана назарда болмайды. Лауазымды тұлға қызметінен тыс жер де атына кір келтірмеуге тиіс. Былтыр бір ғана Алматыда 45 мемлекеттік қызметші бейәдептігі үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Бірақ, жұмыстан қуылмаған. Дегенмен, этикаға жат қылыққа алты айдың ішінде қайта бой берсе, жылы орындарын босатуларына тура келеді. Этика кодексіне қайшы келетін әрекет жасаған қызметкер, міндетті түрде мемлекеттік сыйақыдан қағылады екен. Десе де, лауазымды тұлғаларға биліктің көрсетіп жатқан қолдауы аз емес. Тұрғын үйге тіркелуден бастап, салауатты өмір салтын сақтауы үшін де жағдай жасалған. Тіпті, медициналық жәрдемнің өзін тегін алуға мүмкіндік беріп отыр. Мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік жағдайын оңалту мақстанда, лауазымды тұлғалар орталық клиникалық ауруханаға немесе емханаға тіркелу арқылы, барлық медициналық көмекті тегін ала алады. Сондай-ақ, «Достық» спорт кешенінде де тегін жаттығу жұмыстарын жүргізе алады. Бастысы баспанаға мұқтаж қызметкерлерге пәтер кілтін табыстау «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жыл сайын еселеніп жатыр. Осылайша, тәуелсіздік алғалы бері, елімізде мемлекеттік қызметшілердің абыройы артып, оларға жыл сайын көрсетіліп жатқан қолдау шаш етектен.
Осылайша, 24 сағат бойы қатаң бақылауда болатын қызмекерлер үкіметтің тиімді бағадарламаларының шарапатын көріп келеді. Жұмысы жеңіл болмағанымен, статусына сай қызмет еткендердің еңбегі түбінде еленеді.
Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша кірістер басқармасының жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Мухаметжан Серік Мухаметжанұлы
