Парақорлықты жеңуге болады
Әрқайсысының парақорлыққа қатысты қолданатын әдісі сан алуан.
Айтарлық, әлем мойындаған Швецария, Сингапур, АКШ секілді елдер жемқорлықтың алдын алуға, түсіндіру жұмыстарының нәтижелі болуына терең мән берсе, Қытай кеселді жеңудің негізгі тәсілі ретінде заңын қатаңдатып, жемқорларды өлім жазасына кeсуді тәжірибеге енгізген.
Жас мемлекет ретінде біздің де бұған дейінгі заңдарды жасағанда дамыған елдер тәжірибесіне сүйенгеніміз ақиқат. 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес» туралы заң сондай үлкен ізденістен туған құжаттың бірі болды. Алайда, заман талабы бұл заңның көп қажеттілікке жауап бере алмайтынын көрсетті. 2015 жылы қайта жасалған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қымыл туралы» заң алдыңғы кемшіліктерді жойып, кеселдің алдын алудағы тиімді тетіктермен көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр.
Жалпы, тәжірибе көрсетіп отырғандай жемқорлықты мәнсаптың беделі, жазаның қатаңдығы, тұрмыстың жақсаруы да тежей алмайды. Ынсабы жоқ адамға абыройдың құны - көк тиын. Тек көпшілік бір мақсатқа жұмылып, сыбайластыққа қарсы шыққанда ғана жемқорлыққа тегеурінді тосқауыл қоюға болады.
А. Айдаралиева
Бостандық ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.
