Мазмұнға өту
amangalief

RoosLuN BecK

@amangalief

Сайтта 2017 ж. 24 тамызКазахстан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

32

пікірлер

107

тіркелуші

8

жазылымдар

6

Сен жақсы көр!

Көп кездсетін сұрақ?! Сен жақсы көретін адаммен жұптасқан жақсыма, сені жақсы көретін адаммен жұптасқан жақсы ма? Сіз қай нұсқаны таңдайсыз? Мен жақсы көретін адаммен болғым келеді. Неге? Себебі мен адаммын. Мен қай қызға көңілім түседі. Сол қызбен бірге болуды жөн санаймын. Өйткені мен өзіме ұнамайтын қызбен бірге болсам, оны бақытты ете алмаймын. Себебі мен ол қызға назар аударуға деген құштарлығым болмайды. Ал, керісінше мен өзім ұнататын қызға көңіл аударсам, мен сол қыздың бар жағдайын жасап, көңілінен шығатын амалдарымды істеймін. Сол арқылы оның маған деген көңілін оята аламын. Кейін бақытты қыла аламын. Сондықтан мен өзің жақсы көретін адамға тартылған дұрыс деп есептеймін. Жігіттер жағы мен жақсы түсінеді деп ойлаймын. Бұл менің жеке көзқарасым. Оқығандарыңызға рахмет!

2
8
1577

Өзіңді жақсы көр

Иа, өзіңді жақсы көруді үйрен. Өзін жақсы көретін адамды былай қарасаң, үсті-басына қарап қалған, айнаның алдынан шықпайтын адам ретінде емес, өзінен еш нәрсені аямайтын, өзіне жамандық тілемейтін, барлығы жақсы болып тұрғанын қалайтын адамдар тобына жатқызар едім. Өзін жақсы көре білу тек әйел адамдарға емес, ер адамдарға да керек нәрсе. Өйткені, мен өзімді жақсы көрсем, мен өмірде не қалайтыным, не армандайтыным, маған белгілі болады. Өзіме жақсы қараймын, арық/толық болсам, спортқа барамын. Себебі дәл қазір маған спорт керек. Жақсы киім алып киемін, себебі мен өзім туралы алғашқы ой жақсы қалыптасқанын қалаймын. Себебі киіміне қарап қарсы алады. Ал, ол үшін мен оны әуел бастан жазып аламын, кейін басқа нәрселерге уақытымды бөліп, бас қатырмаймын. Адам жақсы көретін адамын бағалап, күні…

1
4
1791

Жақсы сөз сөйле немесе үндеме

Сөз адамды адаммен байланыстырушы құрал. Адам, қуанышына ортақтаса білу немесе қайғырғанда жұбата білу де сөзді дұрыс қолдана білу нəтижесінде жүзеге асады. Керек кезде қажетті сөз таба білу немесе əр адаммен сол кісінің тілінде сөйлесу, бір адамның басқа адамнан ерекшелігі болып тұрады. Дұрыс сөйлеу мəдениеті, адамның ойлау қабілетінен, оның бейтаныс əлемінен хабар береді. Ол адамның жан дүниесін көзге көрсетеді. Адамның сөйлеген сөздері, оған деген сенімді ұялатады немесе жоғалтады. Əр адам өз алдына жеке тұлға жəне оларға сөйлеу мəнері де өзгеше. Кедей адамға ақша туралы, немесе жетім адамға ата-ана туралы əңгіме айтылмауы қажет. Былайынша айтқанда, адамның жүрегін жібітетін де - сөз, тату адамдарды араздастыратын да - сөз. Сөздің құдіреттілігінде шек жоқ. Сондықтан аузыңыздан шыққан ə…

5
2
5723

Сіз өзіңіз жайлы не білесіз?

Өзімді 100%-ға білемін деп ойлайтын адамдардың сөзіне күмəн келтірер едім. Қанша жерден өзімді білемін, танимын дегенмен сіз өзіңізді толыққанды біле алмайды екенсіз. Сізді жаңа қырыңыздан танытатын, іштегі жақсы, жаман мінезіңізді шығаратын, өмірдегі жетістіктеріңіз бен сәтсіздіктеріңіз, басыңыздан өткен қуанышты, қайғылы оқиғалар сізді өзгертіп тұрады. Былайынша айтқанда, барлық адам Хамелеон. Тұрақты мінезі болмайды. Мұңайып отырып, көңілі көтеріле салуы мүмкін немесе керісінше. Мен бұндай қасиеттерімді қалай, қайдан біле аламын?- деп сұрайтын болсаңыз, жауап беріп көрейін. Мейлінше психологиялық кітап оқыңыз, немесе оқуға тырысып көріңіз, сізге бұл тақырып жақпаса да оқып көріңіз, ұнатып қаласыз. Себебі: сол психологиялық кітаптар арқылы сіз өзіңіздің қандай екеніңізді біле аласыз, өз…

5
5
775

Мінсіз

Өмірге келген əр адам бақытты болуға лайықты. Тек ол адам өзін бақытты адам ретінде сезіне білсе жақсы. Бірақ əр адамның дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы əр түрлі жəне оны бақылап өзгертуге тырысу мүмкін емес. Ол нəрсені өзгерту сол кісінің ғана қолынан келеді. Ал, біреудің мен сені жөндеймін, кемшіліксіз адам ретінде қалыптастырам деуі бос əурешілік. Барлық нəрсе адамның ниетімен іске асады. Иа, мен де мінсіз болуға тырысамын жəне сол үшін өзімді барынша тəрбиелеп келемін. Мектеп кезінде əсіресе 5-6 сыныпта оқып жүрген кездер болатын. Мен көп боқтық сөз қолданатын едім. Мектепте болмағанымен, басқа уақытта жиі қолданатын едім, əсіресе ашуланғанда немесе жай сөз арасында. Бірақ ер балаларға боғауыз сөз ештеме қылмас деп жүре беріп, оған қатты мəн бермейтін едім. Кейін көп боқтайтынымды…

4
5
656

Сенің досың кім?

Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің деп жатады. Бірақ ұяда көрген тəрбие, барлық жерде пайдаға аспайды. Сондықтан адамды араласатын ортасы тəрбиелейді. Менің ойымша бір адамның ішінде бірнеше мінез өмір сүреді. Өмірдегі түрлі оқиғаларға байланысты адам өзгереді, өзі өзгергесін оның мінезі де өзгереді ол араласатын ортасында өзгертеді. Кейінгі өмірі, өсуі немесе өшуі араласатын ортасымен тікелей байланысты. Бұл ортасы заңсыз істермен айналысып, қараңғылыққа жеткізеді немесе тек сəтті қадамдар мен биіктікке жеткізеді. Əр күні түрлі қылмыстар, жаңалықтар осындай өзін таба алмай жүрген адамдар, достарының ниеттерінің түзу еместігінен алданып қалып, өмірдің қиындықтарына тап болып жатады. Сондықтан менің ойымша, адам үшін араласатын ортасы өте маңызды. Оны дұрыс таңдай білген жөн. Керек болса а…

2
0
2163

Махабатты қалай елестетесіз?.

Көбі айтады, жоқ көбі емес, барлығының айтатыны бір сөз. Адамның бетіне, сұлулығына ғашық болмаңдар, керісінше оның ақылына ғашық болыңдар, мінезін жақсы көріңдер деп жатады. Ал, ең күлкілісі бұл сөзді жиі айтатындар үйленбеген немесе тұрмыс құрмағандар. Өзіңізді бұлай алдаудың еш қажеті жоқ. Солай айтатын әрбір адамның ойында бір идеал адамы бар. 《Бір көргеннен ғашық болдым деген бар》. Ондай жағдаймен көшеде немесе бір отырыста, тойда кездесіп қалуларыңыз мүмкін. Қыз бен жігіт кездесіп қалса, көзге бірінші түсетіні оның ақылы, адамгершілігі емес, көзге түсетіні оның бет келбеті, сұлулығы, тартымдылығы, харизмасы. Осы аталғандарды көріп, ғашықтық сезімі оянған кезде ғана, оның мінезін, имандылығын, жан дүниесін білуге деген құштарлығы артады. Сөйтіп оның мінезіне, ақылына ғашық болады. Қо…

3
2
1178