Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Өзіңді жақсы көр

Иа, өзіңді жақсы көруді үйрен. Өзін жақсы көретін адамды былай қарасаң, үсті-басына қарап қалған, айнаның алдынан шықпайтын адам ретінде емес, өзінен еш нәрсені аямайтын, өзіне жамандық тілемейтін, барлығы жақсы болып тұрғанын қалайтын адамдар тобына жатқызар едім. Өзін жақсы көре білу тек әйел адамдарға емес, ер адамдарға да керек нәрсе. Өйткені, мен өзімді жақсы көрсем, мен өмірде не қалайтыным, не армандайтыным, маған белгілі болады. Өзіме жақсы қараймын, арық/толық болсам, спортқа барамын. Себебі дәл қазір маған спорт керек. Жақсы киім алып киемін, себебі мен өзім туралы алғашқы ой жақсы қалыптасқанын қалаймын. Себебі киіміне қарап қарсы алады. Ал, ол үшін мен оны әуел бастан жазып аламын, кейін басқа нәрселерге уақытымды бөліп, бас қатырмаймын. Адам жақсы көретін адамын бағалап, күні түні халін сұрап, асты-үстіне түседі. Бірнәрсе сұраса, дереу оны алып беруге тырысады, ол отбасы мүшелері болсын немесе сүйікті адамы болсын. Өзіңді жақсы көре білсең, дәл сол нәрселерді өзіңе де істер едің. Маған бір қыз/жігіт ұнаса, мен ол адамды өзіме қарату үшін мен барлығын жасайм(дұрыс жағынан) себебі: ол менің қиялымдағы қыз/жігіт. Ал, менде қыз/жігіт жоқ болып, бірақ қызбен/жігітпен жүргім келсе мен ол тірлікті жасамаймын, себебі ол кісінің де, өзімнің де уақытымды алмас едім. Өзіңді жақсы көруді фанатизмге дейін апармауға тырысу керек. Бірақ, өзіңіздің идеал бейнеңізді қалыптастырып, барлық оң бағаларын жазып шығып, сол идеалыңызды кумир ретінде қабылдаңыз да өзіңізбен жұмыс жасаңыз. Бұл менің жеке ойым. Оқығандарыңызға Рахмет! Дәл осы тақырып, сіздерге жақын ба? Сіз өзіңізді жақсы көресіз бе?

1
4
1792

Осы тақырып бойынша

Өзіңді жақсы көр - Yvision.kz