Мінсіз
Өмірге келген əр адам бақытты болуға лайықты. Тек ол адам өзін бақытты адам ретінде сезіне білсе жақсы. Бірақ əр адамның дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы əр түрлі жəне оны бақылап өзгертуге тырысу мүмкін емес. Ол нəрсені өзгерту сол кісінің ғана қолынан келеді. Ал, біреудің мен сені жөндеймін, кемшіліксіз адам ретінде қалыптастырам деуі бос əурешілік. Барлық нəрсе адамның ниетімен іске асады. Иа, мен де мінсіз болуға тырысамын жəне сол үшін өзімді барынша тəрбиелеп келемін. Мектеп кезінде əсіресе 5-6 сыныпта оқып жүрген кездер болатын. Мен көп боқтық сөз қолданатын едім. Мектепте болмағанымен, басқа уақытта жиі қолданатын едім, əсіресе ашуланғанда немесе жай сөз арасында. Бірақ ер балаларға боғауыз сөз ештеме қылмас деп жүре беріп, оған қатты мəн бермейтін едім. Кейін көп боқтайтынымды мойындадым жəне оны жөндеуге кірісіп, өзімді тəрбиелей бастадым. Қазір менің тілімнің тазарып, түзу сөйлеп жүргеніме 10жылдай уақыт болып қалды. Мен осы ісіммен өзімді биік ұстаймын жəне мақтан тұтамын. Оқырмандардың арасында мені танитыны да танымайтыны да жəне мен жайында азды-көпті білетіні де, мүлдем хабарсызы да жетерлік. Сондықтан өзімді таныстыруды, қызықты оқиғаларыммен бөлісуді қаладым. Бұл пост мен жайында бірінші дерек болсын!!!
