Сенің досың кім?
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің деп жатады. Бірақ ұяда көрген тəрбие, барлық жерде пайдаға аспайды. Сондықтан адамды араласатын ортасы тəрбиелейді. Менің ойымша бір адамның ішінде бірнеше мінез өмір сүреді. Өмірдегі түрлі оқиғаларға байланысты адам өзгереді, өзі өзгергесін оның мінезі де өзгереді ол араласатын ортасында өзгертеді. Кейінгі өмірі, өсуі немесе өшуі араласатын ортасымен тікелей байланысты. Бұл ортасы заңсыз істермен айналысып, қараңғылыққа жеткізеді немесе тек сəтті қадамдар мен биіктікке жеткізеді. Əр күні түрлі қылмыстар, жаңалықтар осындай өзін таба алмай жүрген адамдар, достарының ниеттерінің түзу еместігінен алданып қалып, өмірдің қиындықтарына тап болып жатады. Сондықтан менің ойымша, адам үшін араласатын ортасы өте маңызды. Оны дұрыс таңдай білген жөн. Керек болса араласқысы келетін адамды ұзақ зерттеп алған да дұрыс болар. Ниеттерінің дұрыстығына мақсатының анықтығына көз жеткізіп қана, араласса дұрыс болар еді. Сен досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтам дейдіғой. Сол сөзге назар аударып, достарыңызды, ортаңызды дұрыс таңдай біліңіздер!
