Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Сен жақсы көр!

Көп кездсетін сұрақ?! Сен жақсы көретін адаммен жұптасқан жақсыма, сені жақсы көретін адаммен жұптасқан жақсы ма? Сіз қай нұсқаны таңдайсыз? Мен жақсы көретін адаммен болғым келеді. Неге? Себебі мен адаммын. Мен қай қызға көңілім түседі. Сол қызбен бірге болуды жөн санаймын. Өйткені мен өзіме ұнамайтын қызбен бірге болсам, оны бақытты ете алмаймын. Себебі мен ол қызға назар аударуға деген құштарлығым болмайды. Ал, керісінше мен өзім ұнататын қызға көңіл аударсам, мен сол қыздың бар жағдайын жасап, көңілінен шығатын амалдарымды істеймін. Сол арқылы оның маған деген көңілін оята аламын. Кейін бақытты қыла аламын. Сондықтан мен өзің жақсы көретін адамға тартылған дұрыс деп есептеймін. Жігіттер жағы мен жақсы түсінеді деп ойлаймын. Бұл менің жеке көзқарасым. Оқығандарыңызға рахмет!

2
8
1578

Осы тақырып бойынша