Пугачев ауылдық округінің өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарымен кездесу өтті
Бүгін ағымдағы жылдың 3 қарашасында Пугачев ауылдық округінің өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат- Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб жетекшісі О.Тулемисов кездесу өткізді.Штаб жетекшісі өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарды Қ. Токаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Қ.Тоқаевтың "Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА. Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз. «Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың…



















