"Медикер" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өтті
Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға арналған қоғамдық штабының өкілі Дүйсенов Серiк Чапайұлы және штаб жетекшісі О.Тулемисов Ақсай қаласында орналасқан "Медикер" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Қ.Тоқаевтың "Біз мемлекеттің азаматтармен және бизнес өкілдерімен жүзбе-жүз кездеспей-ақ қашықтан тиімді жұмыс істеуіне қажетті цифрлық инфрақұрылым жасаймыз"деп айтқан сөздері жеткiзiлді. Сонымен қатар, студеттерге шәкiртақы екі есеге өсетiнiн және әскери борышын өтеп келген жастарымызды тегін оқуға түсуге мүмкіндік жасалып жатқаны айтылды.
Медицина қызметкерлері сайлауға қатысатындықтарын және өз таңдауларын жасайтынын айтты.
#Toqaev2022





