Қоғамдық штаб мүшелері кездесу өткізді
Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында қоғамдық штаб мүшелері Ақсай қаласында орналасқан "Алтындар" сауда орталығына барды. Сауда үйiндегi қала тұрғындарын Қ.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.Белсенділік танытуға шақырды. Әдiлеттi қоғам құру жолында әр азамат өз мiндеттерi мен құқықтарын жақсы бiлiп қана қоймай, елiмiздiң болашағы үшін болып жатқан жақсы өзгерістердi қолдап, белсенді болу керектігі айтылды. Дүйсенов Серiк Чапайұлы бизнесті қолдау үшін көптеген жеңiлдiк бар екенін айтты.
#Тoqaev2022





