№3 ЖББОМ мұғалiмдерiмен кездесу
Бүгін ағымдаңы жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенттiгне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауға арналған қоғамдық штабының мүшелері Ақсай қаласының №3 ЖББОМ мұғалiмдерiмен кездесті. Қоғамдық штаб мүшелері: аудандық мәслихаттың хатшысы - Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы, "Ақжол" партиясының өкілі - Дүйсенов Серiк Чапайұлы," АMANAT" партиясы саяси кеңесiнiң мүшесі - Сыдыков Мейрамбек Тлекқабылұлы штаб жетекшісі О.Тулемисов Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен мұғалiмдердi таныстырды. Бұл адамның кандидатурасын қолдайтынымызды түсiндiрiлді. Мұғалiмдердiң пiкiрлерi сұралды. Мектеп мұғалімдері Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтындарын жеткiздi.
#Тоқаев2022




