Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"БӨҚС" ЖШС қызметкерлерімен кездесу

Бүгін ағымдағы жылдың 01 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін "БӨҚС" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өтті. Штаб жетекшісі О.Тулемисов сайлауалды бағдарламамен таныстыра отырып Қ.Тоқаевтың "Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА.

Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз.

«Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің мейлінше бірдей дамуына мүмкіндік береді" деп айтқан сөздері жеткiзілдi.

"БӨҚС" ЖШС басшысы - Дарханов Нурсултан Айтжанұлы мен қызметкерлері сайлауға қатысатындықтарын және өз таңдауларын жасайтынын айтты.

#Тoqaev2022

0
0
159

Осы тақырып бойынша

"БӨҚС" ЖШС қызметкерлерімен кездесу - Yvision.kz