Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Алматыда алапат өрт болды

Бүгін Алматыда қойма отқа оранды.

undefined

Жетісу ауданындағы алапат өртті сөндіруге ТЖМ күштері тартылды.

"Шақырылған сәттен бастап 26 минут ішінде өрт жойылды. Жану ауданы - 230 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда", - деп жазды t.me/qr_tjm.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынның мотор майлары бар іргелес қоймаға және түрлі құнды тауарлар сақталаты басқа да қоймаларға таралуына жол бермеді.

undefined

undefined

0
0
459

Су тасқынынан баспанасы қирағандарға үй салу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Премьер-министрОлжас Бектенов СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үй салу жұмыстарын тексерді.Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарының алғашқы нәтижелерімен танысты. Жаңа үйлер салу және беру процесі тексеріліп, тұрғындардың және механикаландырылған бригадалардың қатысуымен жөнделген үйлер қаралды.Үкімет басшысы Петропавл қаласындағы Бірлік ықшам ауданында жаңадан бой көтерген үйді аралап, жаңа баспана кілтін алған отбасы мүшелерімен әңгімелесті. Олжас Бектенов ауқымды су тасқынының салдарын жоюда түсіністік танытып, көмектескені үшін тұрғындарға алғысын білдірді. Құрылыс қарқыны мен пайдалануға берілген тұрғын үйдің сапасы, сондай-ақ су тасқынынан ке…

0
0
458

ІІМ көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Үндеуді Ішкі істер министрлігі (ІІМ) Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев жеткізді."Құрметті азаматтар! Сіздерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырамын! Полиция жол апаттарын болдырмау, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстарын жүргізеді. Осы мақсатта күн сайын трассаларда шамамен 1,5 мың патрульдік полицей қызмет етеді. Экипаждар 50 шақырым сайын орналастырылған. Жүргізушілер көбіне жол ережелерін елемейді. Жылдамдық режимін сақтамайды. Қарсы жолға шығып кетіп жатады.Мысалы, 5 маусымда Ақтөбе облысында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кетті. Апатқа дейін оны полиция қызметкерлері тоқтатып, жол ережесін сақтау туралы ескерткен болатын. Оқиға салдарын…

0
0
447

Kalifarniya халықты ғаламтордағы алаяқтардан сақтануға шақырды

"Түркістан полицейлері белгілі әнші Фархат Қалиевпен бірге интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін профилактика жүргізді. Фархат тыңдармандар арасында “Kalifarniya” лақап атымен және “Qar”, “Аспан”, “Роза” сияқты әндерімен танымал.
Өз кезегінде әнші азаматтарды алаяқтардың түрлі айла-тәсіліне алданбай, сақ болуға шақырады", - деп жазады POLISIA.KZ.

0
0
772

Шымкентте аттракцион өртенді (видео)

Шымкентте бүгін түнде әл Фараби ауданындағы аттракциондар паркінде өрт шықты.

undefined

Құдай сақтап, бұл кезде, әрине, онда адам болмаған.

Мұнда төбешіктер аттракционы отқа ораныпты.

240 шаршы метрді шарпыған өрт толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

0
0
330

Ринат Зайытов: "Сайлауға түспе деп ақша ұсынғандар болды"

undefined
Ринат Зайытов Qazaq AIRAN ютуб-арнасына берген сұхбатында «Ерлан Қошанов болмағанда «Аmanat» партиясына баспайтын ба едім» дейді. Журналист «Ринат депутаттыққа түкен кезде ақша беріп, бармай-ақ қойшы дегендер болды ма?» деп сұрады.
«Болды. Кімдер екенін айтпаймын. Келіссөз жүргізген өзімнің досым. Сайлауға түспей-ақ қойшы, екіншіден, өтпей қалсаң, шулатпай-ақ қойшы деген екінші талабы болды. Бар ғой сөйлесетін адамдары. Сол жерде әңгімелескенде «одан кейін ешқайда осы әңгіме шықпай-ақ қойсыншы» деген келісім болды», - дейді Ринат Зайытов.
Депутат сұхбат барысында қанша ақша ұсынғанын айтпайды. Алайда шығарылымның түсіндірмесінде «Заитовқа 200 мың доллар ұсынған кім?» деп жазылған.

Qaz365kz

0
0
927

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көшпенділер олимпиадасы ету ұсынылды

Бұл ұсынысты белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаев айтып отыр. Таяуда республикалық "Аманат" партиясының жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі "МИРАС" республикалық Кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырыста екі мәселе қаралды. Біріншісі,осы күзде Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік КӨШПЕЛІЛЕР (көшпенділер - ред.) ОЙЫНДАРЫНА дайындалу және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысын талқылау еді. Кеңес төрағасы - Мәжіліс депутаты,айтулы айтыскер ақын Аманжол Әлтай Кеңесті ашып,ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаевқа сөз берді. Вице-министр іс-жоспарлардың орындалуы бойынша кең көлемде баяндама жасады. ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы президентінің орынбасары Тастанбек Есентаев өз сөзінде баяндаманы толықтырып,келетін қон…

0
0
270

Чехияда екі пойыз бетпе-бет соғысты. Қаза тапқандар бар (видео)

Чехияда жолаушылар пойызы мен жүк пойызы бетпе-бет соғысты. Біріншісінде 300 жолаушы болған.  

undefined

Қайғылы оқиға ел астанасы – Прагадан 100 шақырымдай жердегі Пардубице қаласынада болды. Оның салдарынан 4 адам қаза тапқаны айтылуда. 20-дан астам адам жарақат алған.

Жүк пойызында кальций карбиді болыпты. Бірақ ол төгілмеген.  

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

0
0
261

Павлодар облысында екі оқушы скутермен ауыр көлікке соғылып қаза тапты

Екеуі де тоғызыншы сынып оқушылары болған.

undefined

Жасөспірімдер отырған скутер Қарабай ауылына жақын маңда, Кенжекөл - Ақсу автожолында КамАЗ-ға соғылыпты.

Tipavlo телеграм-арнасының жазуынша, екі оқушы Ақсу қаласынан шығып келе жатқан. Олар мінген скутер жолдың оң жақ жолағында тұрған жүк көлігіне қатты келіп соғылады. Жүргізушісі КамАЗ-ды айналып өтуге үлгермепті. Желі қолданушылары жүк көлігі "ҚазАвтоЖол" ЖШС-на тиісілі деп жазған.

Скутердің 15 жасар жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізушісінің аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмғаны айтылуда. Ол да 15 жаста болған.

0
0
819

Уақыт белдеуі қайтадан бұрынғы қалпына келуі мүмкін бе?

Бүгін журналистердің осы сұрағына Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жауап берді.

undefined

Фото: gov.kz

Қазір еліміздің уақыт белдеуін бұрынғы қалпына қайтару жөніндегі петицияға қол жиналып жатыр. Бүгінге дейін 40 мың адам қол қойыпты. Ал Үкімет бұл мәселені қайта қарауы үшін 50 мың тұрғынның қолдауы қажет.

"Петицияға 50 мың қол жиналған соң арнайы жұмыс тобын құрамыз. Сөйтіп, заңда бекітілген тәртіппен мемлекеттік органдарды, сарапшыларды қатыстыру арқылы бұл мәселені қарастырамыз. Ал бұрынғы уақыт болдеуі қайтарылуы мүмкін бе, мүмкін емес пе дегенге бүгін жауап бергім келмейді. Петиция 50 мың қолды жинай ала ма, соны күтейік", - деді вице-премьер.

Айта кетейік, Қазақстан биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын.

0
0
1140