Чехияда екі пойыз бетпе-бет соғысты. Қаза тапқандар бар (видео)
Чехияда жолаушылар пойызы мен жүк пойызы бетпе-бет соғысты. Біріншісінде 300 жолаушы болған.

Қайғылы оқиға ел астанасы – Прагадан 100 шақырымдай жердегі Пардубице қаласынада болды. Оның салдарынан 4 адам қаза тапқаны айтылуда. 20-дан астам адам жарақат алған.
Жүк пойызында кальций карбиді болыпты. Бірақ ол төгілмеген.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
