Астанада ШЫҰ саммиті өтеді
Биылғы 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

Фото: ТАСС / 2022 жылы Самарқанда (Өзбекстан) өткен ШЫҰ саммиті
Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.
Форумға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.
t.me/aqorda_resmi


