Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Алматыда шетелдіктен пара алған видеосы тараған полицейлерге қатысты тергеу басталды

Әлеуметтік желіде шыққан жарияланым бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтар тұрғысынан әлеуметтік желілерге, ақпараттық арналар мен мессенджерлерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Бұл туралы ANTIKOR жазды.Ақпаратты жүйелі талдаудың арқасында әртүрлі сипаттағы жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталады. Бұл ықтимал қауіп-қатерлерге уақытылы жауап беруге және қызметтің түрлі салаларындағы жемқорлықпен тиімді күресуге мүмкіндік береді.Мысалы, 2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы орналастырылған. Онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшіл…

0
0
632

«Қазақ, сен соғуың керек!» Орыстың «Зенитіне» шешуші голды қазақ салып берді

Футболдан Ресей кубогының ақтық сайысы кеше өткен еді. Онда калининградтық «Балтика» мен санкт-петербургтік «Зенит» ойнады.Фото: fc-zenit.ruЖалпы, Ресей кубогында осы елдің өз футболшыларының ешқайсысы гол соққан жоқ. «Балтика» үшін бразилиялық Алекс Насименто Фернандес, ал «Зенит» үшін тағы да бразилиялық Нино мен қазақстандық Нұралы Әліп соқты. Сөйтіп, 2:1 есебімен «Зенит» жеңіп, кубокқа ие болды.Бұл жерде, әсіресе, Нұралының салған голы біразға дейін жыр болатын сияқты. Олай деуге біраз себеп бар.Біріншіден, ол финалда допты қақпаға қосымша берілген уақыттың соңғы минутында баспен соғып кіргізді. Екіншіден, комментатор «Қазақстан гол соқты! Қазақстан гол соқты! 2:1!» деп айғайлады. Үшіншіден, бапкер Александр Анюков кеше оған: «Қазақ, бұл – маусымның соңғы матчы. Сен гол соғуың керек»…

0
0
414

Ресейде Қазақстан тумасы қызды ұрлап, қатігездікпен өлтірді деп айыпталып отыр

Айыпталған Айдын Жұмаділов Ресей Әуе-десант әскерінің взвод командирі әрі ақын екен.

undefined

28 жастағы Айдын – 23 жастағы қызды ұрлап әкетіп, қорлық жасап, қатігездікпен өлтірді делінген үш әскеридің бірі.

Оларға қатысты сот Дондағы Ростовта жақын күндері басталады. Әлеуметтік желі қолданушылары оның біздің Бишімбаевтікі сияқты ашық өтуін талап етуде.

Марқұм Валентина Давронованың Луганскіден келген анасының айтуынша, бұл іс бойынша Ресейдің төрт әскери қызметкері ұсталған. Бірақ олардың біреуі 2023 жылы жұмбақ жағдайда қаза тауыпты.

t.me/CentralMediaNews

0
0
378

Ертең тағы дүрлігіп жүрмеңіздер: Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама таратты

2024 жылдың 3-6 маусымы аралығында жаңа оқу кезеңінің басталуына орай Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі.Жылда осындай кезде жолда көптеген әскери техниканың кетіп бара жатқан видеосына қарап, жұрттың дүрлігіп кететіні бар. Қорғаныс министрлігі соның алдын алу үшін ресми хабарлама таратып отыр. "Осыған (жаттығуға - ред.) байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізіледі. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқар…

0
0
590

Президент Алматыға жұмыс сапарын әуежайдың жаңа халықаралық терминалын аралап көруден бастады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалына барды.Мемлекет басшысына терминалдың ашылуы қарсаңында құрылыстың қалай жүргізілгені жөнінде баяндалып, жолаушыларды тіркеу, шекара және кедендік бақылау аймақтары, жүк бөлімі таныстырылды. «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Альп Эр Тунга Эрсой сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып салынған терминал магнитудасы 10 балға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алатынын айтты. Ғимараттың жалпы ауданы 53,5 мың шаршы метрді құрайды, жылына 14 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады.Жаңа терминал Орталық Азияда бірінші болып Excellence in Design for Greater Efficiencies (EDGE) бағдарламасы бойынша сертификат алады.Жолаушылар мен әуе компаниялары санының өсуін ескере отырып, 50 тіркеу баға…

0
0
509

Қазақ тарихындағы әйгілі балалар

Қазақтың ертеректегі тарихында бала кезінен сөз бастап, жауға шауып, дүйім елге атағы жайылған тұлғалар болған. Әйгілі жеткіншектер бертінгі тарихта да, осы күндері де көптеп ұшырасады. Балаларды қорғау күні (1 маусым) қарсаңында біз солардың біразы туралы айтып өткенді жөн көрдік.   Қазыбек би1667-1763 жылдары өмір сүрген Қазыбек бидің бала кезден танымал болғанына қатысты тарихи дерек бар. Сол дерек бойынша, ол 14 жасында Тәуке ханның бек және билеріне еріп, ойрат қоңтайшысы Цэван Рабданға барады. Сонда қазақ билері коңтайшының алдында сөз таба алмай күмілжіп тұрғанда, Қазыбек былай деген екен: «Біз – қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшп…

0
0
1217

Бүгін - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

undefined

Фото: t.me/qazaqstantv

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Бұл дата 1997 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен бекітілген.

Жаппай қуғын-сүргін кезінде елімізде 100 мыңнан аса адам қудалауға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесіліпті. Көбіне ғылым, мәдениет және саясаттағы бетке ұстар азаматтарымыз, яғни зиялы қауым өкілдері атылды.

Айта кетейік, Қазақстанда 1993 жылғы 14 сәуірде "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды.

0
0
546

Жазадан құтылу үшін тәртіп сақшысына тап берді

Алматы облысында тәртіп сақшысымен ерегіскен көлік жүргізуші әйел өзін "полиция озбырлығының" құрбаны етіп көрсеткісі келген.Талғар ауданында учаскені патрульдеу кезінде полиция инспекторы көлік тұрағына қатысты талаптарды бұзып тұрған Toyota Camry-ді байқайды. Иесін таппаған соң ол сол машинаның мемлекеттік нөмірін шешіп алған.Сосын басқа құқық бұзушыға хаттама толтырып жатқан кезде әлгі Toyota Camry-дің иесі келген. Жүргізуші әйел жазадан құтылуға тырысып, полиция қызметкеріне қысым көрсетіп, оған балағат сөздер айтыпты."Көлік иесіне хаттама рәсімдегеннен кейін тәртіп сақшысы оған мемлекеттік нөмірін  қайтарып берді. Алайда автоледи жазадан қашу мақсатында видео түсіре бастап, өзін «полиция озбырлығының» құрбаны ретінде көрсетті.Көліктің иесі жол қозғалысы ережелерін бұзудан басқа,…

0
0
416

Түркістанға ерекше мәртебе беруді қарастыратын заң жобасы Парламентке ұсынылады

Премьер-министр Олжас Бектенов «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды. Заң жобасы Мемлекет басшысының Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленген. Фото: aboutkazakhstan.comҚұжат Түркістанның Қазақстанның рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде қалыптасуы мен дамуының, сондай-ақ оның мемлекеттік маңызын танудың құқықтық негіздерін белгілейді. Заңның қабылдануы қаланың тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері мен объектілерін, оның ішінде  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүкіләлемдік мұра объектісі ретіндегі қорғау аумағында орналасқан ескерткіштерді, басқарудың, сақтаудың, олардың тұтастығын қолдаудың оңтайлы жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, кесене…

0
0
318