«Қазақ, сен соғуың керек!» Орыстың «Зенитіне» шешуші голды қазақ салып берді
Футболдан Ресей кубогының ақтық сайысы кеше өткен еді. Онда калининградтық «Балтика» мен санкт-петербургтік «Зенит» ойнады.

Фото: fc-zenit.ru
Жалпы, Ресей кубогында осы елдің өз футболшыларының ешқайсысы гол соққан жоқ. «Балтика» үшін бразилиялық Алекс Насименто Фернандес, ал «Зенит» үшін тағы да бразилиялық Нино мен қазақстандық Нұралы Әліп соқты. Сөйтіп, 2:1 есебімен «Зенит» жеңіп, кубокқа ие болды.
Бұл жерде, әсіресе, Нұралының салған голы біразға дейін жыр болатын сияқты. Олай деуге біраз себеп бар.
Біріншіден, ол финалда допты қақпаға қосымша берілген уақыттың соңғы минутында баспен соғып кіргізді. Екіншіден, комментатор «Қазақстан гол соқты! Қазақстан гол соқты! 2:1!» деп айғайлады. Үшіншіден, бапкер Александр Анюков кеше оған: «Қазақ, бұл – маусымның соңғы матчы. Сен гол соғуың керек» депті.
