Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Атырау облысында құтқарушы жұмыс барысында көз жұмды

Өрт сөндіру қызметкері Құлсарыда су сору жұмыстары кезінде қайтыс болған.

undefined

"29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 2001 ж.т. азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп жазылды Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасында.
Сондай-ақ онда қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетіні айтылған.

"Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады", - делінген хабарламада.

0
0
357

Асхат Хасенов "ҚазМұнайГаздың" басшысы болып ресми түрде тағайындалды

Бұған дейін ол "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болған еді."28 мамырда өткен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Асхат Ғалымұлы Хасенов ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды.А.Хасенов сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.Сонымен қатар ҚМГ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімімен ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген акцинерлік қоғамның ресми сайтындағы хабарламады.Асхат Хасенов 1983 жылдың 13 қазанында дүниеге келген. Ол еңбек жолын 2005 жылы "Торғай Петролеум" АҚ (Қызылорда қ.) мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядтағы операторы болып бастаған.2006 – 2010 жылдары "Мұнай және газ өнеркәсібіні…

0
0
392

Жылу энергетикасы жүйесіне тікелей қатысты алғаш рет әзірленген заң қабылданды

Бүгін Мәжіліс «Жылу энергетикасы туралы» заңды ілеспе түзетуілерімен екінші оқылымда қабылдады. Бұл сала бойынша жеке заң Қазақстанда алғаш рет әзірленіп отыр.Заң жобасында жылу энергетикасы саласын заңнамалық тұрғыдан және мемлекеттік реттеу қағидаттары белгіленеді. Олардың бірі – жоспарлы және бағдарламалық құжаттар негізінде жылу энергетикасының озық әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ заң жобасында Үкіметтің, уәкілетті органның, мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың жылу энергетикасы саласындағы құзыреті, жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері бекітіледі.Екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізд…

0
0
318

Алматыда лаңкестікті насихаттады деген күдікпен шетелдіктер ұсталды

2024 жылғы 28 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады.

undefined

ҰҚК баспасөз қызметінің тергеу мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, олар бұрын ұзақ уақыт шет елде тұрып, радикалды діни идеологияға тартылған.

Қазақстанға ағымдағы жылы келген, тұрақты жұмыстары болмаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0
0
319

Санкт-Петербургте қазақстандық бүлдіршін үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті

Оны анасы Ресейге емдетуге алып барған.

undefined

Фото: qaragandyhabary.kz

Оқиғаның мән-жайы әдеттегідей. Алты жасар бала шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп, үшінші қабаттан ұшып түскен.

«Фонтанка SPB Online-ның» хабарлауынша, жеткіншек Раухфус атындағы балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген. Оған ашық бас-ми жарақаты, ми зақымдануы, ішкі ағзалардың жарылуы деген диагноздар қойылды. Сөйтіп, бала жансақтау бөліміне жатқызылған.

Жеткіншектің психикалық даму ерекшелігі деген дерті бар. Оны анасы Санкт-Петербургке емдетуге алып барыпты.     

0
0
292

Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасары Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды

undefined
Бас прокуратурамен 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі.
Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Абильбеков ұсталды.

ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.

📱 https://t.me/GenPr

0
0
463

Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-министрін қарсы алды

undefined

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттені «Ақорда» резиденциясында қарсы алды.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте келіссөз өтетін залға барды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
299

Жезқазғанда бес жасар бала автокөлікпен бірнеше адамды басып өтті (видео)

Сұмдық оқиға «Гранд Палас» мейрамханасының маңында болған.

Жезқазғанда көшеге қойылған автокөліктің ішінде отырған кішкентай бала қол тежегішті байқаусызда босатып жіберген. Содан машина артқа жүріп кетіп, адамдарды басып өтеді.

«Полиция бұл деректі тіркеді. Жарақат алған төрт жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар белгіленді», – деп хабарлайды Ұлытау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал денсаулық сақтау басқармасындағылар бес адам зардап шеккен деп отыр. Үш әйелдің іш құрылысына зақым келген. Оларға амбулаториялық ем жасалып жатыр. Төрт қабырғасы сынып, іш құрылысына зақым келген бір ер адам сынық бөліміне жатқызылды.

Зардап шеккендердің арасында кішкентай бала болған. Басына соққы тиген ол да ауруханаға жеткізілді.  

t.me/orda_kz

0
0
295

Ақмола облысында цистернадан тұз қышқылы төгілді

Ішінде тұз қышқылы бар апаттық жағдайдағы цистерна қауіпсіз қашықтыққа сүйретіп әкетілді.ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, 25 мамырда Ақмола облысы Аршалы ауданының Сарыоба станциясында диаметрі бір жарым сантиметр болатын жарықтың салдарынан жүк құрамындағы цистерналардың бірінен тұз қышқылы төгілген. Қауіпті жүгі бар цистерна негізгі құрамнан ажыратылып, Ақмола облысының құтқарушылары сұйықтықтың ағысын тоқтатты.27 мамырда жүк тасымалдаушылар цистернаның ішіндегі сұйқтықты ауыстырып құйып жатқанда тұз қышқылы қайтадан ағып кеткен. Оның ағысын Астана қаласы ТЖД қызметкерлері тоқтатты. Қазіргі уақытта цистерна ауылдан және жақын маңдағы шаруа қожалығынан қауіпсіз қашықтыққа сүйретілген.СЭС, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қышқыл төгілген…

0
0
2612

Жаңаөзенде мектеп түлектері ұстазына пәтер сыйлады

undefined

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында балаларға 40 жылдан бері білім беріп келе жатқан Гүлнар Қарақойшиеваға мектепті 20 жыл бұрын бітірген шәкірттері үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Аса қымбат тосынсыйға қатты риза болған физика пәнінің мұғалімі қуаныштың көз жасын жасыра алмады.

Жалпы, мектеп бітіргенінің "дөңгелек" санды мерзімін атап өтетін түлектер ұстазына, білім ошағына немесе туған ауылына есте қаларлықтай сый жасауға тырысады.

0
0
394