"Бұл не болды екен?" Алматы аспанынан белгісіз денелер жанып өтті
Бүгін түнгі сағат 3-тер шамасында Алматы мен басқа да қалалардың төбесінен жарқ-жұрқ еткен бірнеше нысан байқалды.
"Оның не екенін әзірге айту қиын. Көрген адамдар мұны әлдеқандай ғарыш денесінің сынықтары болуы мүмкін деп отыр.
Енді біреулер кеше SpaceX компаниясының Falcon 9 зымырандарын екі рет ұшырғанын еске салуда. Олар орбитаға Starlink жүйесінің интернет-жерсеріктері мен Transporter-8 миссиясына қосымша құралдарды жеткізуі тиіс", - деп жазады CMN.KZ.
Видеоға түсіріп тұрған тағы біреулер бұл жанып жатқан ұшақ дегенге келтірген.
Бейнежазбалар Kris_p_almaty телеграм-арнасынан алынды
