Шымкенттегі ең көне сәулет ескерткіші
Мамандардың топшылауына қарағанда, Шымкент қаласы еліміздегі ең көне қалалардың бірі саналады. Оның тарихы 2200 жыл алдыңғы тереңнен басталады екен. Бұлайша қала мәдениетінің тамырын тереңнен тарту – Орта Азиядағы ең көне қала Маракандадан (Самарқан) кем түспейтін хронологияны қамтуы тиіс. Шымкент тарихын ғасырлар қойнауына сүңгітетін жәдігерлер – көне цитадель аймағы мен қала аумағындағы оба-қорғандар айналасынан табылған заттармен айғақталады. Бұлар – археологиялық ескерткіштер. Ал, қала өркениетін көрер көзге ап-анық көрсететін сәулет ескерткіштері жоқтың қасы. Шымкенттегі көне сәулет ескерткіші дегенде, Ескі қаладағы «Жәми мешітін» ғана еске аламыз. Өзге көз сүрінер нысан жоқ. Бар болса, оның өзі берідегі ХХ ғасырға жатады.Шымкенттің ең көне сәулет ескерткіші – Жәми мешіт дедік. Тұрғы…